You are here

Кепіл дегеніміз не?

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бұлтартпау шараларының бір түрі – «кепiл».

Кепiл сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi жүзеге асыратын адамның (тергеуші, анықтаушы), прокурордың немесе соттың шақыруы бойынша оларға күдiктiнiң, айыпталушының келуi жөнiндегi мiндеттерiн орындауын қамтамасыз ету үшiн сот депозитiне күдiктiнiң, айыпталушының өзiнiң не басқа адамның ақша енгiзуiнен тұрады. Тыйым салынатын басқа да құндылықтар, жылжитын және жылжымайтын мүлiк кепiл ретiнде қабылдануы мүмкiн.

Аса ауыр қылмыстар жасады деп күдiк келтiрiлген адамдарға және:

- жәбірленушінің өліміне әкеп соққан қылмыс жасады деп күдік келтірілген, айып тағылған адамға;

- қылмыстық топтың құрамында қылмыс, сондай-ақ өзге де террористік және (немесе) экстремистік қылмыстар жасады деп күдік келтірілген, айып тағылған адамға;

- күдікті, айыпталушы сот ісін жүргізуге кедергі жасайды немесе тергеуден және соттан жасырынады деп пайымдауға жеткілікті негіздер бар болған жағдайда;

- күдікті, айыпталушы бұрын таңдалған кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын бұзған жағдайларда кепiл қолданылмайды.

Кепiл прокурордың санкциясымен не соттың, тергеу судьясының қаулысы бойынша ғана және қылмыстық процестің кез келген сатысында қолданылады.

Кепiлдiң мөлшерi күдіктің ауырлығы, күдіктінің, айыпталушының жеке басы, қылмыстық іс-әрекеттің сипаты, кепіл берушінің мүліктік жағдайы ескеріле отырып:

-онша ауыр емес қылмыс жасады деп күдік келтірілген кезде – айлық есептiк көрсеткiштiң 50 еселенген мөлшерiнен;

-ауырлығы орташа қылмысты абайсызда жасады деп күдік келтірілген кезде – айлық есептiк көрсеткiштің 150 еселенген мөлшерiнен;

-ауырлығы орташа қылмысты қасақана жасады деп күдік келтірген кезде – айлық есептiк көрсеткiштің 250 еселенген мөлшерiнен;

-ауыр қылмыс жасады деп күдік келтірілген кезде – айлық есептiк көрсеткiштің 500 еселенген мөлшерiнен кем бола алмайды.

Өз кезегінде, күдікті, айыпталушы кепілмен қамтамасыз етілген міндеттерді дәлелді себептерсіз орындамаған жағдайда, кепіл мемлекет кірісіне айналдырылады.

Күдікті, айыпталушы үшін кепіл енгізген тұлға күдікті, айыпталушының қылмыстық процесті жүргізетін органға келуі жөніндегі міндеттерді орындауын бұдан әрі қамтамасыз етуге жағдайы келмейтіні туралы жазбаша өтініш жасаған жағдайда, егер күдікті, айыпталушы көрсетілген міндеттерді бұзбаған болса, кепіл нысанасы дереу қайтарылуға жатады.

Шымкент қаласы Еңбекші ауданы прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.