You are here

Келісімдік іс қалай жүргізіледі

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Екі жыл бұрын қолданысқа енгізілген ҚР Қылмыстық-процестік кодексінде (ҚПК) қылмыстық істер бойынша іс жүргізу тәжірибесіне айтарлықтай жаңашылдықтар енгізілді. Солардың бірі – ҚПК-нің 13-бөлімінде көзделген процестік келісім жасау институты. Іс жүргізудің бұл жаңа институты құқық қорғау органдары және жалпы іс жүргізуге қатысушы тұлғалар тарапынан кеңінен қолданылуда.

ҚПК-нің 7-бабының 37-тармағына сәйкес, процестік келісім дегеніміз – қылмыстық процестің кез келген сатысында прокурор мен күдікті, айыпталушы, сотталушы немесе сотталған адам арасында осы Кодексте көзделген тәртіптер мен негіздер бойынша жасалатын келісім. Ал осы Кодекстің 612-бабының 1-бөлігіне сәйкес жасалған процестік келісім шеңберінде қылмыстық істерді тергеп-тексеру дәрежесі онша ауыр емес, ауырлығы орташа, не ауыр қылмыстар бойынша – күдікті, айыпталушы келтірілген күдікпен, айыптаумен келіскен жағдайда — кінәні мойындау мәмілесі нысанында жүргізіледі.

ҚПК-нің 622-бабына сәйкес, сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында немесе сот талқылауы барысында кінәні мойындау туралы процестік келісім жасалса, сот істі келісімдік іс жүргізу тәртібінде шешуге міндетті. Сонымен қатар, осы Кодекстің 624-бабының негізінде келісімдік іс жүргізу кезінде сот отырысына прокурор, сотталушы және оның қорғаушысы қатысады. Жәбірленуші, азаматтық талапкер және олардың өкілдері сот отырысына шақырылмайды. ҚПК-нің 625-бабы бойынша сот істі қысқаша қарап, процестік келісім бойынша прокурордың қорытындысын және сотталушы мен қорғаушының процестік келісім жасаудың мән-жайы туралы сөздерін тыңдап, істі қарауды аяқтайды.

Әрине, заңға сәйкес сотталушы процестік келісімде көзделген жазаның түрімен немесе мөлшерімен келіспесе, жаңа процестік келісім жасасу үшін қылмыстық істі прокурорға қайтару мүмкіндігі көзделген. Бірақ ҚПК-нің 616-бабының 1-бөлігінің 8-тармағы бойынша процестік келісімде міндетті түрде прокурор сот алдында ол туралы өтінішхат беретін жазаның түрі мен мөлшерін көрсетеді. Прорурор ҚК-нің осы қылмыс үшін жауаптылық көздейтін бабына, бөлігі мен тармағына сәйкес жазаны көрсетуі тиіс.

Қылмыстық Кодекстің 39-бабына сәйкес, жаза дегеніміз – сот үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Тәжірибеде прокурорлардың тарапынан процестік келімдерде жаза мөлшері көрсетіле отырып, ҚК-нің 63-бабын қолданып тағайындалған жазаны шартты деп санау жөнінде келісімдер жасалуда.

Ал ҚПК-нің 612-бабының негізінде Қылмыстық Кодекс бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделген баптардың басым көпшілігі бойынша процестік келісім жасау мүмкіндігі бар екендігін ескерсек, мұндай тәртіпте қаралған істер бойынша жалпы саралануы мен келтірілген залал мөлшері жөнінде дау болмаған жағдайда соттар міндетті түрде процестік келісімде бекітілген жазаны тағайындауға мәжбүр болғаны ма? Себебі бұл тәртіпте қаралған істер бойынша қосымша дәлелдемелерді зерттеу, куәлардың сөздері мен айғақтарын зерделеу сияқты әрекеттер міндетті емес, яғни істің мән-жайын егжей-тегжейлі анықтау мүмкіндігі шектелген.

 

Еңбекші аудандық прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.