You are here

Қазығұрт ауданы прокуратурасымен «Отбасылық зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» пилоттық жобасы жүзеге асырылуда

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазығұрт ауданы прокуратурасымен «Отбасылық зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» пилоттық жобасын жүзеге асыру мақсатында, аудан аумағында 4 дана билборд орнатылып, орталық алаңдағы LED-экран арқылы тәулігіне 10 рет таратылатын хабарлама шығарылып, іс-шаралар барысы туралы ақпараттар таратылды.

Сонымен бірге, аудан прокуратурасымен ауданның 13 ауылдық округтеріндегі учаскелік полиция тіректерінде арнайы хабарланлыру тақтайшалары мен телефон аппараттары орнатылып, аудан тұрғындарымен өз құқықтарының бұзылуы немесе өздеріне қатысты жасалған қандай да бір заңға қайшы іс-әрекеттер және басқа да мәселелер бойынша кезекші прокурорға тікелей хабарласуына мүмкіндік жасалды.

Аудан прокуратурасымен аудан әкімдігі, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, білім бөлімі, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, әлеуметтік жұмысшылар мен жергілікті полиция қызметкерлерінің қатысуында құрылған жұмысшы топ құрамыныда 5 (Қазығұрт, Әбдалиев, Шанақ, Қызылқия, Жаңабазар) ауылдық округтерге шығу арқылы, оның ішінде 30 елді мекен-тұрғындарын толық қамти отырып, жергілікті тұрғындармен кездесу өткізілді.

Сонымен бірге, жұмысшы топпен елді мекендердегі 141 тұрғын  үйлерді жеке аралау арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 47 профилактикалық есепке алынған тұлғалармен профилактикалық сұхбат жүргізіліп, 55 әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген отбасы мен 27 мүгедек азаматтармен жеке сұхбаттар жүргізіліп, 390 дана жадынамалар таратылды.

Жоба аясында 24-25 шілде күндері  Қазығұрт ауылы мен Рабат елді мекенінде жылжамалы медициналық жиынтық автокөлігінің қызметі ұйымдастырылып, 13 мамандандырылған дәрігерлермен 2098 аудан тұрғындары, оның ішінде 121 балалар қабылданып, 215 ересек және 21 балалар алғашқы дәрігерлік нақтама қойылған науқас (первичный пациент) ретінде есепке алынып, оларға халыққа тегін медициналық көмек көрсетіліп, тиісті медициналық кеңестер берілді.

Нәтижесінде, 11 тұлғаның «Өрлеу» бағдарламасы аясында қаржылау қолдау алуға құжаттары қабылданып, 1 мүгедек тұлғаның  арнайы қоларбаға мұқтаж екендігі анықталып, қоларбамен қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, аудан әкімдігі, оның құрылымдық бөлімдері мен уәкілетті мемлекеттік органдары және кәсіпкерлік субъектілері мен шаруашылық кәсіпорындары өкілдерінің қатысуымен «Әлеуметтік Бюро» акциясы мен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Осы жәрмеңке барысында 83 бос жұмыс орындары ұсынылып, 121 жұмыссыз үміткер қатысып, нәтижесінде 63 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, 14 адамға ақылы қоғамдық жұмысқа жолдама беріліп, 6 тұлға жұмыссыз ретінде есепке алынды.

Қазығұрт ауданының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.