You are here

Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгінде сыбайлас жемқорлықты батыл түрде көптеген мемлекетерді жаулап алған ауру деп атаса болады. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму процессінің, нарықтық экономика құрылысының негізгі тежеуіші болып табылады.

Қазақстан үшін сыбайлас жемқорлықты жеңу мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарының бірі болып саналады. Оның маңыздығы туралы ел басымыз «Қазақстан-2050» Стратегиясында нақты белгілеген.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы сыбайлас жемқорлыққа келесідей анықтама береді – «жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу».

Сыбайлас жемқорлықтың халықаралық-құқықтық анықтамасы келесідей белгіленеді: сыбайлас жемқорлық –бұл жеке мақсатта не үшінші тұлғаларға және топтар мақсатында пайда алу үшін мемлекеттік билікті асыра пайдалану.

Егер қарапайым тілде айтса сыбайлас жемқорлық ол қызметтік өкілеттіктерді жеке мақсатта пайдалану.

Коррупция» термині латын тілінің «corrutpere» деген сөзінен шығып, мағынасы жағынан «мемлекет организмін, қоғамдық қарым-қатынастарды бұзу» дегенді білдіреді, «параға сатып алу» терминімен сәйкес, яғни лауазымды тұлғаның өз билігі өкілеттігі мен сеніп тапсырылған құқығын заңға және моральдық нормаларға қайшы келетін өтірік айту, бопсалаушылық, сөзбұйда жасау жолдарымен жеке бас пайдасы үшін пайдалануы.

Мемлекеттік органдар тұрақты түрде жемқорлыққа қарсы мәдениетті – жемқорлыққа шыдамсыздықты білдіретін қоғамда бағалау жүйесін сақтау мен бекіту бойынша жемқорлыққа қарсы күрес субъектілерімен іске асырылатын әрекеттерді құрастыруға қатысады. Жемқорлыққа қарсы мәдениетті құрастыру - білім, ақпараттық және ұйымдастырушылық шаралар арқылы іске асырылады.

26.12.2014 жылы Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясы бекітілді. 

Стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа кез-келген жемқорлықтың туындауына «нөлдік» төзімділік таныту атмосферасын құру жолын қолдану арқылы барлық қоғамды тарту, сондай-ақ Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.

Стратегиямен  белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың басты бағыттары мынадай:

● мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар қолдану;

● қоғамдық бақылау институттарын енгізу;

● мемлекеттік сыңайлы және жеке меншік секторларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау;

● құқық қорғау және сот органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу;

● сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру;

●  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

 

Түркістан қаласының прокуратурасы 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.