You are here

Қаланың қауіпсіздігі – басты мақсат

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Әл-Фараби аудандық прокуратурасының ұсынысы бойынша облыстық ішкі істер департаментінің бастығымен 46 полиция қызметкері тәртіптік жауапқа тартылды, қазіргі таңда 39 қызметкердің, соның ішінде басшы құрамның жауапкершілігі қаралуда.

Мұндай шешім қабылдауға Шымкент қаласының жергілікті полициясы мен ішкі істер басқармасының қызметінің заңдылығына жүргізілген саралау қорытындысы негіз болған.

Саралау барысында полиция қызметкерлерінің 70 пайызы белгіленген бағыттан ауытқып, тек жеңіл және жүк автокөліктері көп жүретін жолдарда жүретіні,  автокөліктегі арнайы GPRS қондырғысын сөндіріп және қалаған уақытында қосып, бақылаудан жалтаратыны, түнгі уақытта өз маршрутын қалдырып үйлерінде демалатыны анықталды.

Кейбір жол патрульдік автокөліктері күніне бірнеше рет облыстық наркологиялық диспансеріне барса да, сол күндері автокөлік экипажымен ешкім мастық жағдайына куәландырудан өткізілмеген.

Сол сияқты, ақылы айып тұрағына бірнеше рет барған экипаждар да ереже бұзған адамдардың көліктерін тұраққа қоймаған.

Ішкі істер Министрінің № 311 бұйрығымен қылмыс оқиғасы орнына жол патрульдік полиция 5-7 минутта, ал шұғыл тергеу тобы 30 минутта жетуге тиіс деп белгіленсе, біздің полиция қызметкерлері 1 сағаттан кейін ғана жететіні, ал жол-патрульдік полиция мүлдем бармайтыны анықталды. Одан сорақысы, автокөліктен шықпай оқиға орнын «қарау», қылмыс дәлелдемелерін жинамау фактілері орын алған. Тіптен, жасамаған әрекеттерді көрсетіп, іске жалған құжаттарды тіркеп, өздері қылмыс жасау жәйттері орын алады.

Полиция жұмысының тиімділігі олардың басшылығымен ашық және жасырын бақылау жүргізу арқылы бағалануы тиіс. Алайда мұндай бақылауды мүлдем жүргізбеу нәтижесінде бұл қызмет тиімсіз қалып отыр.

Сонымен бірге, бұл заңсыздықтар облыс прокуратурасының алқа мәжілісінде қаралып, «Шымкент-Қауіпсіз қала» жобасына қатысушы органдар басшылары (қала әкімдігі, ішкі істер басқармасы, жергілікті полиция) 6 айдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстары туралы қоғамдық кеңес, бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен мүдделі тұрғындар алдында есеп беретіні ескертілді.

Әл-Фараби аудандық прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.