You are here

Игерілмей жатқан жерлер мемлекетке қайтарылуда

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Аудан прокуратурасы 2017 жылдың сәуір айында өткізілген мекеме аралық жиналыста, жер учаскелерін өз бетінше заңсыз иелену, игерілмей жатқан жер телімдерін түгендеу, тұрғын үйге кезекке тұру және жерге қатысты шешімін таппай жатқан өзекті мәселелер қаралды.

Пайдаланылмай жатқан немесе заңсыз пайдаланудағы ауыл шаруашылық жер учаскелеріне түгендеу жұмыстарын жүргізілді.

Жалпы 2016 жылы ауыл шаруашылығы мақсатына берілген жер учаскелерін пайдаланбай жатқан 48 тұлғаның 7 753 га жері анықталса (73 га суармалы егістік, 483га суарылмайтын егістік, 7 196 га жайылым) оның ішінен 8 тұлғаның 491 га жері қайтарып алынды, қалған тұлғалардың тізімі тиісті шара көру үшін ОҚО жер инспекциясына жолданды.

Бүгінгі күнге, аудан аумағындағы 5 200 жер пайдаланушыға ауыл шаруашылық жер учаскесінің құнарлығы және мелиоративтік жағдайы көрсетілген паспорттары беріліп, қалған жер пайдаланушыларға паспорт беру жұмыстары жүргізілді.

Ал, 2017 жылы мобильдік топтың жұмысымен кадастрлық құны 18 724 174 теңге  тұратын 350 га  жер мемлекетке қайтарылды.

Сарыағаш ауданының
прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.