You are here

Хабар-ошарсыз жоғалған азаматтар прокурорлық қадағалау назарында

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Құқық қорғау органдарында, соның ішінде прокуратура қызметінің қадағалайтын жағдайларының бірі – адам баласының іс-түссіз жоғалуы.

Өйткені, отбасы – алтын бесігің. Онда ата-анаң мен бауырларың, туған-туыстарыңның түгел болуы, дендері сау аман жүруі бәріміздің жүрегімізге қуаныш сыйлайды.

Ел аман, жұрт тыныштығында перзентін іздеген ата-ана немесе туыс – бауырын іздеген адамзат, үйінен кеткен жас өспірімдер, ізсіз жоғалған бойжеткендер саны күннен күнге артып барады. Біз бұл жағдайларға күнделікті жұмыс барысында көз жеткізудеміз. Көшеге шықсақ, не болмаса, автокөлік, теміржол бекеттеріне бас сұқсақ хабарландыру тақталарынан «іздеу саламыз» деген хабарландыруларды көзіміз жиі шалатын болды.

Демек, бұрын-соңды адам саудасы туралы оқиғалар сюжетін теледидардағы шытырман кинолардан ғана естіп-көрсек, мұндай жағдайды өзіміз қатарлы жер басып, тіршілік кешіп жүргендер де басынан өткізеді екен. Жасыратыны жоқ, кейiнгi кезде адам саудасы, адам ұрлау, қорлау қылмыстарында сырттан келген кiрмелердiң қолтаңбасының iзi сайрап жатады. Әсiресе, қыз-келiншектердi өзге мемлекеттерге алдап әкетуде олар арбаушы күш қызметiн атқарады екен. Бейресми деректер бойынша, бүгiнде шетел асырылып жатқандар арасында кәмелетке толмаған жеткiншектер де шамадан тыс көбейген. Ал, елiмiзде жалпы жыл сайын 7 мыңға жуық адам құлдықта болса, оның денi алаяқтардың арбауына елiтiп, көздi жұмып шетелге аттанып кете барса, сау басын сақинаға салып алғандары қаншама. Яғни, мұндайлар өзге елден жалақысы жоғары жұмыс тауып беремiз деп уәде еткен қылмыскерлердiң шым-шытырық сергелдеңiне түсiп бiр мезетте құлдық пен күңдiкке сатылып кете барады.

Бір ғана Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының өзінде 2017 жылдың 10 айында Әл-Фараби полиция бөлімінде із-түссіз жоғалған азаматтарға қатысты 21 іздеу істері арналған, соның ішінде 17 азамат полиция қызметкерлерімен анықталып, қазіргі таңда (өткен жылдарды қосқанда) жалпы 16 азамат іздеуде.

Отбасынан әрбір мүшенің, оның ішінде балалар мен қыздардың із-түзсіз жоғалып кетуі ата-анаға үлкен қайғы-қасірет екенін ойласақ, еріксіз қабырғаң қайысады. Солбір ата-ананың қаншама жылдар бойы аяқ асты жоғалып кеткен перзентін тосып жылап сықтап, өмірі өксікпен өтіп келе жатқаны қаншама. Алайда, үйде ата-ана баланың тәртібін, жүріс-тұрысын қадағалап, жөнге салып отырса, мектепте ұстаздар мен психолог мамандары жұмыс жасап, әлеуметтік тұрғыдан баланың бос уақытын қамтитын шаралар өткізілетін болса бұзақылық, қылмыс мәселелеріне тоқтау болар еді. Бүгін партада отырған оқушы ертең ел тұтқасы болмауына кім кепіл?!!

Тәрбие – Тәңір аманаты дегендей балаға дұрыс тәрбие беру- ата-ананың моральдық қана емес, заң жүзіндегі міндеті болып табылады. Отбасындағы салауаттылық, тазалық пен тәртіп, отбасы мүшелерінің тату-тәтті тұруы, ұстамды болуы барлығы да ата-анасының мәдениеті мен сауаттылығына байланысты. Баланың бас ұстазы ата-анасы.

Ал тәрбиесіз бала пайдасыз болып қалмай, зиянды адамға айналып, қоғамға бір зиянын тигізері сөзсіз. Сондықтан отбасы адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. Қисық болып өскен шыбықты түзету оңай, ал үлкен ағаш болғанда түзеткіміз келсе де түзете алмайсың. Сондықтан да баланы жасынан жақсы болып өсуіне күш салуымыз керек.

Адамның адамшылдығы- ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады – деп Абай атамыз айтқандай, әрине оған ұстаздардың да қосар тәлім–тәрбиесі мен ықыласы ерекше. Ендеше ағайын, баланы жасынан қоғамға қажетті азамат етіп тәрбиелеу барлығымыздың борышымыз. Сөз соңында отбасыңыздың, туыстарыңыздың амандығын тілеймін. Қазақтың саны көбейе берсін!!!

 

Әл-Фараби ауданы прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.