You are here

Діни сұрақтар мен ұлтаралық келісім саласында проблемаларды зерттеу

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Облыс  прокурорының бұйрығына сәйкес, аудан прокуратурасының үйлестіруімен аудан әкімі, аудан прокуроры, және АІІБ бастығының бірлескен өкімдері қабылданып, «Діни сұрақтар мен ұлтаралық келісім саласында проблемаларды зерттеу сұрақтары  бойынша өзара іс-әрекеттесуді қамтамасыз ету жөніндегі Орталық құрылып, оның Ережесі, Сарапшылар кеңесі мен Тақырыптық топ құрамы бекітілген.

20.11.2017 жылы аудан прокуратурасының ғимаратында құқық қорғау органдары, жергілікті атқарушы орган басшылары және Сарапшылар кеңесі мен Тақырыптық топ құрамының қатысуында жиналыс өткізілді.

Жиналыста, Орталықтың негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары  таныстырылды  және  бекітілген іс-шарлар жоспары бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Сарапшылар кеңесі мен Тақырыптық топ мүшелері тарапынан теологтарды көбейту, күн тәртібіне шығарылатын мәселелер бойынша беделді азаматтарды, билер мен медиаторлардың көмегін пайдалану көтерілді.   

Орталықтың негізгі міндеттеріне: аумақтағы діни ахуалды зерттеу, талдау және болжау; ұлтаралық қатынастар мәселесінде қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін уәкілетті органдардың жұмысын үйлестіру, құқықтық көмек көрсету жатқызылған.   

 

Мақтарал аудандық прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.