You are here

Діни экстремизмге қарсы күрес

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазіргі заманда, әлеуметтік-экономикалық, саясаттық және мәдениеттік қарым-қатынастармен қатар дінаралық және мәдениетаралық байланыстарды нығайту қажеттілігі де жоғары.

ХХІ ғасырдың басынан бастап экстремизм мемлекет басшыларының, саясаткерлердің, діни көшбасшылардың деңгейінде өтетін кез-келген жиналыс, дөңгелек үстел, конференциялардың басты талқыланатын тақырыптарының біріне айналған.

Бүгінгі күні, қоғамға аса қауіпті болып табылатыны ол жай ғана экстремизм емес, діни экстремизм. Оның ең басты ерекшелігі, конституциялық құрылысты құлатуға немесе оған нұқсан келтіруге бағытталған өзге де күш қолдану әрекеттеріне қатысуы не мемлекеттің аумақтық тұтастығын бұзу болып табылады, адамдарды соғысқа азғырып көндіруде діни сабақтар мен белгілер ең маңызды факторлар.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев, қазіргі таңда қоғамға аса қауіп төндіріп тұрған діни экстремизмді ерекше белгілеп, жастар арасында оның алдын алуға бағытталған шараларды нығайтуға және экстремизм мен терроризмге қарсы күресуге арналған мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуді тапсырды.

Осыған орай, «Қазақстан Республикасында Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» әзірленіп, іске асырылған.

Аталған Бағдарламаның басты мақсаты, діни экстремизмнің азаматтардың, қоғамның, мемлекеттің қауіпсіздігіне төндіретін қауіпі туралы және терроризмді алдын алу болып табылады.

Сонымен қатар, осы Бағдарлама аясында Төлеби ауданында діни тұрақтылықты сақтау мақсатында дін мәселелері бойынша жұмыс жүргізетін ақпараттық-түсіндіру топтардың (АТТ) кездесулер жоспары, аудан бойынша дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыс жоспары, дін саласы бойынша өтетін ауқымды іс-шаралар жоспары, дін саласындағы ақпараттық сүйемелдеу медиа-жоспары Оңтүстік Қазақстан облысы дін істері басқармасымен бекітіліп, жұмыстар атқарылған.

Төлеби ауданы аумағында, ақпараттық түсіндірме тобы ауыл тұрғындарымен, мектеп оқушыларымен, арнаулы оқу орындарының студенттерімен  діни экстремизмнің алдын алу бойынша және «Дін мәселелерін зерттеу» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің теологтарымен деструктивті діни ағым жақтастарымен кестеге сәйкес кездесулер өткізіліп, діни тұрақтылықты сақтау мақсатында жергілікті және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жарық көруде.

 

Төлеби аудандық прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.