You are here

ДАУЛАРДЫ МЕДИАЦИЯ ТӘРТІБІМЕН РЕТТЕУ

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазіргі таңда қоғамда арасында дауларды медиация тәртібімен реттеу кең етек алып жатқандығы белгілі.

         Медиация дегеніміз бұл латын тілінен аударғанда medire-делдалдық ету дегендігі білдіреді, яғни тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың (медиаторлардың) жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды (дау-шарды) реттеу рәсімі болып саналады.

         Жалпы, медиация өз бастауын көне заманнан алады. Оның ішінде өзіміздің тарихымызға көз салатын болсақ бүгінгі таңдағы медиаторлардың атқарып отырған жұмыстарын дауларды шешу, екі жақтың мүддесін қанағаттандыру және т.б. жұмыстарын сол кездегі билер алқасы жүзеге асырған.

Ал, қазіргі таңда ҚР аумағында «Медиация туралы» 28.01.2011 жылдан бастап Заңы қолданысқа енгізілді және ол мына жағдайларда қолданылады- жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы, қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар (жанжалдар) және атқарушылық іс жүргізуді орындау кезінде туындайтын қатынастар медиацияның қолданылу саласы болып табылады.

Бұдан бөлек, медиацияның қолданылмайтын жағдайларды кездесетіні сөзсіз. Оның ішін атап айтсақ, дауларда (жанжалдар) медиация рәсіміне қатыспайтын үшінші тұлғалардың және сот әрекетке қабілетсіз не әрекетке қабілеті шектеулі деп таныған адамдардың мүдделерін қозғаса немесе қозғауы мүмкін болса, тараптардың бірі мемлекеттік орган болып табылатын кезде, жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын дауларда (дау-шарларға) және сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша медиация рәсімі қолданылмайды.

Осы медиацияның дауларды шешудегі орны мен  артықшылықтарын атап өтетін болсақ:

1.     Тараптардың өз уақыттары мен қаржыларының үнемделуінде.

2.     Тараптардың өндіруде және шешім қабылдауда қатысулары.

3.     Дауларға (жанжалдарға) қатысушы заматтардың арасындағы мейірімді қатынастарды сақтап қалу.

4.     Дауларды шешу кезіндегі құпиялықтың сақталуы.

5.     Дауларды шешетін медиаторлардыды өз еркімен таңдау- болып саналады.

Қоғамда даулар(жанжалдао) түрлі таластардың туындап жататыны белгілі. Соның салдарынан қылмыстарда жиі кездесетіні анық.

Осыған сәйкес, қылмыстық істерді қарау кезінде медиацияны қолдану жағдайына тоқталатын болсақ;

Қылмыстық істер бойынша 3 жағдайда медиация қолданылады:

1.     Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде ішкі істер органдарымен тараптар татуласқан кезінде;

2.     Прокуратура органдарымен қылмыстық істі сотқа жолданғанға дейін егер тараптар бітімгершілікке келу туралы өтініш хат жазғанда;

3.     Сот процессі кезінде тараптардың медиация қолдану жайлы уәждерін білдірген жағдайда.

Жалпы, Созақ ауданы аумағында қылмыстық істер бойынша медиация тәртібімен татуласу практикасы кеңінен белес алып жатқындығын көрсетеді.

Атап айтсақ, 2016ж жалпы медиация тәртібімен 5 іс қысқарса, ағымдағы жылы атал аталған сан 13-ке жетіп, яғни екі есеге өскендігін көрсетіп отыр.    

    Сонымен қатар, қылмыстық процесте медиация тиімділігінің дамуына кедергі келтіретін себептер де жоқ емес.

    Қылмыстық процесте медиация институттың кезең-кезеңмен, шынайы түрде дамуы жайлы айтылуы мүмкін емес, себебі сотта тікелей тараптардың келісімі бойынша қылмыстық істі қысқарту процесін құқықтық реттеу және медиация тәртібімен қысқарту тек қана ҚР ҚК-нің 67-бабының құқықтық нормасымен реттеледі.

     Процеске қатысушылардың – сотталушының да және жәбірленушінің де, баламалы таңдауға мүмкіндігі бар, алайда, олар медиацияның пайдасына шешіле бермеуін көрсетеді.

     Осыған байланысты практикада, сот отырысы ұйымдастырылғанда, жәбірленуші мен сотталушының, прокурор мен адвокаттың келуі қамтамасыз етілген.

     Сөйтіп, судья ҚР ҚК-нің 67-бабының мәні мен мазмұнын, соның ішінде медиация рәсімін қолдану туралы түсіндіреді.

      Медиаторды тыңдауға келісу және осындай рәсімдерге жүгіну медиация тәртібінде ғана татуласуды шешуге тараптарды міндеттемейтінін, процеске қатысушылар кез келген уақытта сот отырысының залына қайта орала алатынын тараптарға түсіндіру өте маңызды болып табылады.

        Қылмыстық іс жүргізу заңы, сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі сотқа ғана тән басым қызметті белгілей отырып, соттың татуласуға бастамашы болуына, сондай-ақ тараптардың татуласуына тікелей қатысуға (жеке айыптау істерін қоспағанда) тыйымды кезегімен бекіте түседі.

     Заң ҚК-нің 67-бабының мәнін тараптарға соттың түсіндіру міндеттерін, іс бойынша қысқартудың тәртібі мен салдарын, бірақ бұған тараптарды мәжбүрлеуге, міндеттеуге, итермелеуге құқылы емес екенін түсіндіруді ғана белгілейді. Сонымен қатар бұл норма медиацияға тараптарды мәжбүрлеуге кез келген нысанда тыйым салынатыны туралы Заңның 20-бабынан туындайды.

       ҚР ҚК-нің 67-бабының ережелерін қолдану тараптардың татуласу мүмкіндігі туралы ұстанымын соттың анықтауын болжайды. Сонымен бірге соттылық деп соттың тараптардың татуласуына мүдделі болу мүмкіндігі түсініледі. Ал, медиатор болса – бұл тәуелсіз тұлға, сонымен қатар ол сот төрелігін жүзеге асыру функциясымен байланысты емес, бұдан басқа, заң оған жанжалды оқиғалар қатысушыларын татуластыру міндетін жүктейді.

      Содан кейін, медиация рәсімдері қалай жүзеге асты, сот, бейтарап болып қала тұра, не жәбірленушінің, не сотталушының мүдделеріне мүдделілік танытпай, медиация туралы келісімді ерікті түрде жасасқанын анықтап, қылмыстық жауаптылықтан босатып және аталған негіздер бойынша іс жөніндегі іс жүргізуді қысқартып, сонымен қатар сот төрелігін жүзеге асыру функциясын тікелей іске асырады.

     Сот ісін жүргізудегі медиацияны дамыту шынайы серпіліс алатын еді, егер оны сот өндірісіне дейінгі міндетті сатының бірі ретінде енгізсе, егер оны сонымен қатар бюджет арқылы қаржыландыру көзделсе (ұқсастық бойынша – ҚР ҚІЖК-нің 71, 72-баптарының тәртібінде адвокаттар) – соттардың жүктемесін іс жүзінде жеңілдету қамтамасыз етілген болар еді.

     Әрине, сонымен бірге оны іске асырудың тетігін бөлшегіне дейін жан-жақты жетілдіру қажет, алайда сот өндірісіне дейінгі міндеттелген медиативтік реттеу біздің мемлекеттің азаматтарына сот төрелігіне деген қол жетімділікке кедергі болмауы тиіс.

      Жалпы медиацияның тиімділігі туралы пікірлердің басым көпшілігі, соның ішінде қылмыстық процестегі медиация туралы да пессимистік бағытта, бірақ медиацияның қазақстандық моделі, соның ішінде қылмыстық істерді қарау кезінде де қаншалықты өміршең болатынын уақыт пен қалыптасқан сот тәжірибесі ғана көрсетеді.

 13 қылмыстық іc немесе әр қылмыстық істің  4/1 (25%) сотқа өткен барлық істің медиация тәртібімен қысқарған

 

Созақ ауданының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.