You are here

Бәйдібек ауданында мал ұрлығы 79,7% төмендеді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

          Облыс прокуратурасының «Мал ұрлығына тиімді тоқсауыл» атты жұмыс жобасын Бәйдібек аудандық прокуратурасымен іске асыру барысында аудан көлемінде жасалған мал ұрлығы динамикасы -79,7% -ға, былтырғы 5-айында 69 қылмыстан 14-ке төмендеді. Бул көрсеткішке облыстық прокуратурасының әдістемелік көмегімен және ауданның барлық атқарушы және құқық қорғау органдарының бірлесіп атқарған іс шараларының нәтіжесінде қол жеткізілді.

Атап айтқанда:

          1. Сіздің жыл басында берген тапсырмаларыңызды орындау мақсатында аудан прокурорымен 24.01.2017 жылы аудан әкіміне мал ұрлығына тосқауыл қою туралы нақты ұсыныстар жолданды.

          Прокуратураның ұсынысы аудандық әкімдіктің кеңейтілген жиналысында қаралып, аудан бюджетінен аталған іс-шараларға 20,0 млн тенге бөлініп, осы жылдың наурыз –сәуір айларында аудан аумағындағы негізгі тас жолдар қиылысына түнгі мезгілде де бейнежазуға мүмкіндігі бар жоғары сапалы, бұрынғы камераларға қосымша, тағы 34 (13-айналып түсіретін) бейнекамералар орнатылып, бүгінгі таңда бұл камералар ішкі істер бөлімі қызметкерлерімен кеңінен қолданылуда.

          2. Облыс прокуратурасының мал ұрлығымен күресуде заманауи озық технологияларды кеңінен қолдану туралы тапсырмасына сай, аудан прокурорының ұсынысымен аудан әкімдігі тарапынан 1,2 млн тенге бөлініп, квадрокоптер ұшу аппараты сатып алынып, бүгінде ішкі істер бөлімі қызметкерлеріне мал ұрлығына тосқауыл қою қызметінде пайдалануға берілді.

          3. Бәйдібек ауданы аумағында 1 мал базары – жеке кәсіпкер Н.Турлыбековке тиесілі «Ақ-Нур» мал базары қызмет істейді. Аудан прокуратурасы, аудан әкімшілігі және жеке кәсіпкер Н.Турлыбеков арасында мал ұрлығына қарсы біргелікті іс-шаралар туралы Меморандум жасалынып, базар аумағын толық бақылау мүмкіндігі бар 3 (2-айналып түсіретін) бейне камера жеке кәсіпкер есебінен орнатылып, бейне камералар жүйесі  Бәйдібек АІІБ-нің бақылау пунктіне қосылған.

          4. Аудан прокуратурасының бастамасымен ағымдағы жылдың қантар айынан бастап, әр аптаның сенбі және жексенбі күндері аудан прокуратурасының бастамасымен, аудандық ветеринария бөлімі және аудандық ІІБ-нің ЖПҚ-нің инспекторларымен бірлесіп, Шаян, Алғабас, Боралдай және Бөген ауылдарына кіре беріс тас жолдарында уақытша бекет орнатылып, мал тасымалдауда қолданыстағы заң талаптарының сақталуына рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.

          5. Аудандық прокуратурасы қызметкерлерімен  мал ұрлығына байланысты қылмыстардың алдын алуға және болдырмау тақырыбында аудан әкім орынбасарлары, мәслихат депутаттары,  ауыл округ әкімдері, мал дәрігерлері, ауыл билері мен ақсақалдары, учаскелік полиция инспекторларын қатыстырып, аудан көлемінде орналасқан 11 ауыл округтерінде халықпен 15 кездесу-жиындар өткізіп, облыс прокуратурасының «Мал ұрлығына тиімді тоқсауыл» атты жұмыс жобасы бойынша кеңінен  насихат жұмыстары жүргізілді.

         6. Аудандық прокуратурасы қызметкерлерімен мал ұрлығына қарсы ұйымдастырылып жатқан іс-шаралар жөнінде жергілікті «Алғабас» және «Шаян» газеттеріне  аптасына мақалалар беріп, облыстық және республикалық БАҚ-да  8 мақала жарияланды.

          Бірлесіп атқарылған іс-шаралар нәтижесінде, аудан көлемінде мал ұрлығы фактілері былтырғы осы мерзіммен салыстырғанда 69-дан 14-ке, немесе 79,7% -ға төмендеді.

Керісінше, ішкі істер бөлімімен мал ұрлығын жасаған тұлғаларды анықтау тиімділігі артты, былтыр осы кезеңге мал ұрлығының ашылу пайызы 37,6%-ды (26/69) құраған болса, осы жылы мал ұрлығы деректері 57,1%-ы ашылған (8/14).

           Мысалға, 16.05.2017 жылы біргелікте өткізілген рейд нәтижесінде Жолғабас ауылынан 30 бас жылқыны ұрлау мақсатында Созақ ауданына айдап бара жатқан қылмыстық топ құрықталып, оның ұйымдастырушылары Сайрам ауданының тұрғыны Ғ.Алимбетов және Қазығұрт ауданы тұрғыны Ш.Сияров 17.05.2017 жылы Байдібек АІІБ-нің УОҰИ-на қамалды.

          Дегенмен, облыс прокуратурасының «Мал ұрлығына тиімді тоқсауыл» атты жұмыс жобасын іске асыруда аудан прокурорлары құзіретімен шешімін таппай тұрған мәселелер айқындалуда.

          Атап айтқанда, 14.05.2017 жылы жеке кәсіпкер Н.Турлыбековке тиесілі «Ақ-Нур» мал базарын рейдттік мониториг жасау кезінде сырғаланбаған қозыларды сатуға акелу деректері анықталды.

          Мал иелерімен ауызша сұхбат кезінде, олар аудандық ветеринария қызметіне биылғы төлді сырғалау мәселесімен жүгінгендерін, ветеринария қызметі қоймасында сырға жоқтығына байланысты, қозылар сырғаланбағандығын көрсетіп отыр.

           Өз кезегінде, Бәйдібек аудандық ветеринария бөлімінің 17.05.2017 жылғы анықтамасына сәйкес, облыстық ауылшаруашылығы басқармасынан 2017 жылы малға арналған сырғалар аудандарға мүлдем түспегені салдарынан, бүгінге аудан көлемінде 2017 жылдың басынан 13515 бас мүйізді қара малдың төлдері, 101000 уақ малдардың төлдері бүгінге сырғалауға мүмкіншілік жоқ.

           Бұл жағдай, облыс көлемінде малдардың сырғасыз айналымын тоқтатуға, жалпы облыс прокуратурасының «Мал ұрлығына тиімді тоқсауыл» атты жұмыс жобасын нәтижелі іске асыруға кері әсерін тигізіп отырғанына облыстық ауылшаруашылығы басқармасының назары аударылды.

 

 Бәйдібек ауданының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.