You are here

Балаларымыздың болашағы өз қолымызда

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Отырар аудандық прокуратурасымен «Лайықты ұрпақ тәрбиелейік» жобасын жүзеге асыру барысында бірқатар жұмыстар атқарылды.

Аудан прокурорының төрағалығымен жергілікті атқарушы, құқық қорғау органдары және білім беру мекемелері қызметкерлерінің қатысуында  шұғыл мәжіліс өткізілді.   

Хаттамалық шешіммен аудандық білім бөліміне тапсырмалар беріліп, білім бөліміне қарасты мектептерде жасы кәмелетке толмағандар арасында қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын-алу, оның ішінде жыныстық қол сұғылмаушылықты болдырмау мақсатында жұмысшы тобы құрылды.

Жұмысшы топпен аудан прокуратурасы қызметкерлерінің қатысуында аудан көлеміндегі 23 мектептерде ата-аналардың, ауыл билері, ауыл әкімдерінің және басқа да қоғамдық ұйымдардың мүшелерінің қатысуында жиналыстар өткізілді.

Сонымен қатар, барлық мектептерде жасы кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын-алу мақсатында дайындалған бейне роликтер көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Әлеуметтік желілер арқылы суицидке әкеп соғатын ойындардың алдын-алу жұмыстарын ата-аналармен бірге  жүргізу тапсырылды.

Оқушылар арасында әлеуметтік желілер арқылы өздерін немесе олардың жанұя мүшелерін қорқыту арқылы ойынға тарту жәйттері орын алған жағдайда тез арада құқық қорғау органдарына хабарлау жөнінде түсіндірілді.

Сондай-ақ, аудандық білім бөлімімен, білім беру мекемелерінде оқушылармен интернет желісіне қосылу мүмкіндігі бар ұялы телефондарды (смартфондар) ұстауға тиым салу, қолдануға шектеу қою жөнінде мектептің ережесіне өзгерістер енгізілді. 

Бұдан бөлек, жасы кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығының алдын-алу мақсатында оқушылар сабақтан қайтатын жолдарының қауіпті аймақтарын белгілеу, сондай-ақ, сол жолдарда орналасқан иесіз жылжымайтын мүліктердің тізімдері, «Үй-мектеп-үй» атауымен карта жасалып, аталған карта барлық мектептердің көрнекі жеріне ілінді.

 

Отырар ауданының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.