You are here

Азаматтардың сенімі маңызды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

01.06.2017 жылдан бастап Абай ауданы прокуратурасымен кезекші прокурорлардың ішкі істер органында  жұмыс атқару барысында қылмыстық процесті үйлесімділеуге бағытталған іс-шаралардың жүргізілуі басталды.

Кезекші прокурор анықталған қылмыстар бойынша істерді сотқа жолдау құзыретіне ие бола отыра, тәулігіне 24 сағат полиция  ғимаратында кезекшілік атқарады.

Сондай-ақ, «өз орнында реттеу» режимінде азаматтардың барлық проблемалық мәселелері шешіледі (полиция бөліміне жеткізілгендерді тексеру және т.б.).

Іс-тәжірибе көрсеткендей, полиция ғимаратындағы тексеріп-өткізу бекеті, полиция бөліміне шағым келтіру немесе шағымның қаралу сатысы мен оның нәтижесін білу үшін келген азаматтардың кедергісіз өтуіне тосқауыл болып отыр.

Бұдан бөлек, көбінесе азаматтар полиция ғимаратында әрдайым кезекші прокурор отыратындығын біле бермейді.

Осыған орай, 15.06.2017 жылы Шымкент қаласы Абай ауданының прокуратурасымен барлық қылмыстық процестің қатысушыларына ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Абай аудандық полиция бөлімінің тексеріп-өткізу бекетінің алдында мемлекеттік және орыс тілінде жазылған анықтамалық мәліметтері бар бейнедомофон орнатылды.

Енді, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің орбитасына түскен және қылмыстық процесс барысында құқықтарына нұқсан келтірілген әр-бір азамат, тәулік бойы ешқандай кедергісіз бейнедомофон арқылы кезекші прокурорға еркін байланыса алады.

Осы жаңакіріспенің мақсаты, өз орнында процестік бұзушылықтарды жою, шағымдарды азайту, азаматтардың прокуратура органдары мен жалпы құқық қорғау жүйесіне деген сенімін арттыру болып табылады.

Тек 3 күн ішінде, кезекші прокурор бейнедомофон арқылы 22 қоңырау қабылдап, аз ғана уақыт аралығында (15-20 минут) шағым бергендер өз сұрақтарына түпкілікті жауаптар алды.

Бұл бағыттағы іс-шаралар, қылмыстық процестегі үйлесімділеуді жақсартуға байланысты өзінің оңды нәтижелерін беруде.

Абай ауданының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.