You are here

Азаматтардың мүддесіне қатысты қылмыстық процесті оңтайландыру

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы мен ҚР ІІМ-нің бірлескен бұйрығымен азаматтардың мүддесіне қатысты қылмыстық процесті оңтайландыру (оптимизация) пилоттық жобасы жүзеге асырылуда.

Жобаның басты мақсаты-қылмыстық істің тергелуін қысқа мерзімде аяқтап, сотқа жолданылуын қамтамасыз ету, күдіктілерден олардың қорғаушыларының, жәбірленушінің, олардың өкілдерінің, куәлардың қатысуында арнайы бейнекамералармен жабдықталған тергеу кабинеттерінде жауаптар алу және полиция қызметкерлерімен азаматтарды ұстау, айғақты заттарды алу әрекеттерін бейнетіркеуіштер арқылы алынуын қамтамасыз ету болып табылады. 

Пилоттық жобаға барлық хаттамалық негіздегі қылмыстық теріс қылықтар, ауырлығы онша ауыр емес, орта санаттағы, сонымен қатар, қылмыс жасаған  күдікті анықталған, өзінің жасаған қылмысын мойындаған, келтірілген шығынмен келісетін ауыр санаттағы қылмыстар жатқызылған.  

Сондай-ақ, прокуратура органдарына бірқатар талап қойылған, атап айтқанда;

-қылмыстық істердің негізсіз қайта тергеуге қайтарудың алдын-алу мақсатында, жинақталған құжаттарды ішкі істер органдарында орналасқан кезекші прокурор кабинетінде зерделеу  тапсырылған.

Ал, ішкі істер органдарына:

-айқын және дәлеледемелері жеткілікті қылмыстық теріс қылық хаттамасын 2 тәулікте, жеделдетілген тергеп-тексеру қылмыстық істерін 10 тәулікке дейін, процесстік келісімді 1 тәулікте аяқтауды;

     -тергеп-тексеру іс-әрекеттері барысында куәларды қатыстыра отырып, күдіктілерден жауап алуда аудио-бейне құрылғыларын қолдануды;

         -бейнекамералармен жабдықталған тергеу кабинеттерінің болуы;

         -жауап алу кабинеттерінде ақпараттарды қорғау және қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету жүктелген.

        

Отырар аудандық прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.