You are here

Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуына сот қадағалауын күшейту мен кеңейту

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарында тергеу барысында азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуына сот қадағалауын күшейту мен кеңейту көзделген.

Осы мақсаттарға жету үшін қазіргі таңда тергеу судьясына қосымша қарау, тінту, жеке тінту мен алуды санкциялау уәкілеті берілген.

Бұдан бөлек, қазіргі таңда сот қадағалауын күшейту мен кеңейтуді қамтитын қылмыстық процесті модернизациялау мен жетілдірудің негізгі бағыттары айқындалған (қылмыстық процесті жетілдіру туралы заңнама аясында).

Яғни, сот қарауына жасырын тергеу әрекетттерін, кепілді қолдану, куәландыру мен үлгілерді алуды санкциялау құзырын беру, күзетпен ұстау бұлтартпау шарасын қолдануға адамды сотқа 48 сағатта алып келу, қорғаушыларды дәлелдемелерді жинақтауда қосымша уәкілеттіктерді беру сияқты өзгерістер ұсынылуда.

Осы қолданылған және алдағы уақытта қолданылатын сот қадағалауын күшейту мен кеңейту шаралары адамдардың тергеу барысында конституциялық құқықтарының және бостандықтарының сақталуына оң септігін тигізетініне сенімдіміз.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.