You are here

Алкогольдік масаң күйде автокөлікті басқарғаны үшін 20 тәулікке қамаққа алынды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

13 шілде 2017 жылы аудан сотында құқық бұзушы Б.-ға қатысты Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 6-бөлігіне сай әкімшілік іс қаралды.

Анықталғаны, 2017 жылғы 8 шілдедегі 01.00 сағат шамасында көлік құралдарын басқару құқығы жоқ азамат Б. қасақана жол жүрісі қағидаларының 2-бөлімі 4-тармағының 1), 2) тармақшаларының қағидаларын бұза отырып, үлгісі «Иж-Москвич 2715» маркалы автомобиль көлік құралын Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Алатау елді мекеніндегі орталық көшесі бойымен алкогольдік масаң күйде басқарған.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 6-бөлігіне сай, жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру, көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адамдар жасаған әрекеттер жиырма тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.

Сот талқылауында құқық бұзушы Б. өз кінәсін толық мойындап аталған әкімшілік құқық бұзушылықты дәл осы мән-жайда жасағанын көрсеткен.

Аудандық соттың шешімімен азамат Б. көлік құралдарын басқаруға құқығы жоқ тұлға бола тұра, алкогольдік масаң күйде автокөлікті басқарғаны үшін 20 тәулікке қамаққа алынды.

Төлеби ауданының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.