You are here

Алиментке берешегі бар борышкерлер жұмыспен қамтылуда

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

ҚР  Бас прокуратураның және облыс прокуратурасының бастамасымен «Алиментер. Төлемеуге қарсы 30 қадам» жобасы аясында Шымкент қаласы Еңбекші  аудандық  прокуратурасының талабы негізінде алиментке берешегі бар жұмыссыз борышкерлерді жұмыспен қамту мақсатында Шымкент қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бос жұмыс орындар туралы мәліметтерді интернет сайттар мен әлеуметтік желілерде үнемі орналастыруда.

Бүгінгі күні, жоба аясында күнделікті қала аумағында 5413 бос жұмыс орындар туралы мәліметтер «Internet Portal Nur» ЖШС мен  Республикалық  «Работа» порталына жарияланған.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің 07.06.2017 жылғы №689 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 07.06.2017 жылғы №153 бірлескен бұйрығына сәйкес, алимент бойынша үш айдан астам берешегі бар тұлғаларды еңбекпен қамту мәселесі бойынша өзара іс-қимыл тәртібі бектіліп, борышкерлерді жұмысқа тұруға жәрдемдесу мәселесі қарастырылған.

Бүгінгі күні жұмыс істеп, сот шешімін орындағысы келетін борышкерлерге барлық мүмкіндіктер қарастырылған.

 

Еңбекші ауданының прокуратурасы 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.