You are here

Алимент борышын өтемеген тұлға әкімшілік қамаудан құтыла алмайды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Еңбекші аудан прокуратурасының жеке қабылдауына алимент өндіру туралы атқару өндірісі бойынша борышкер аз. «Н»-ге шара көру туралы аз. «А»-ның арызы келіп түсіп, содан «Н»-ге қатысты атқару құжаттары зерделеу арқылы қаралды.

Соттың 2015 жылғы бұйрығына сәйкес, аз. «Н»-нен аз-ша «А»-ның пайдасына кәмелет жасына толмаған екі қыздары үшін еңбек жалақысы мен барлық табысынан 1/3 мөлшерінде алимент өндіру туралы 2016 жылы  атқару өндірісі қозғалғаны анықталған.

Атқару өндірісін орындау барысында борышкер аз. «Н»-ге жеке сот орындаушымен алимент төлеу жөнінде бірнеше рет ескертулер мен хабарламалар беріліп, алайда борышкер жеке сот орындаушының ескертулеріне назар аудармаған.

Содан аз. «Н»-нің алимент борышы 12.04.2017 жылға 720 414 теңгені құраған.

Аудан прокуратурасымен атқару құжаттары зерделену барысында  өндіріп алушы тұлға шақыртылып, іс құжаттарда өндіріп алушы аз. «А»-ның алимент төлеуден бас тарту және 50 000 теңге алимент қарызын алғаны туралы жазбаша қолхаттары анықталған.

Бұл бойынша алимент борышын өндіріп алушы аз-ша «А» төмендегіше түсіндіріп, айтып берді: аталған қолхаттар алимент борышкері азамат «Н»-мен қорқыту арқылы жаздыртып алғаны, борышкердің алимент төлеуден әдейі жалтарып жүргені, ол қолхаттар өндіріп алушы азаматша «А»-ның еркінен тыс жазылғанын айтып көрсетті.

Аталғандардың негізінде, борышкер азамат «Н»-нің азаматша «А»-ны қорқыту дерегі бойынша құжаттар жиналып, Полиция Бөліміне шара көру үшін жолданды.

Ал, аудан прокуратурасымен өз борышын орындамаған азамат «Н»-ге   ҚР ӘҚБтК-нің 669 бабымен әкімшілік іс қозғалып, Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен 2(екі) тәулік әкімшілік қамақ жазасы қолданылды.

        

Енбекші ауданының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.