You are here

Алаяққа алданып қалмаңыз

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Соңғы жылдары, нәзік жандылардың арасында алаяқтық қылмыстық фактілер орын алуда.

Олардың көбісі әлеуметтік жағдайларды түзеп беруге атап айтқанда, жұмысқа орналастырудан бастап, мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындауға жұмыстарнына көмектесуге уәде етеді,    «мeмлeкeттiк бағдарлама» бойынша көп қабатты үйлерден пәтер алып деп алаяқтардың айлакерлігі өз алдына бір мақалаға жүк боларлық.

Мысалға, Әл-Фараби аудан сотымен «Б» есімді азаматшаға қатысты қылмыстық іс қаралып, онда «Б» есімді азаматша 2016 жылы Шымкент қаласында алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін алдау және сенімге қиянат жасау арқылы жымқыру мақсатында, өзінің танысы «Т» есімді азаматшаны құзырлы мемлекеттік органдарда лауазымды таныстары барын, солар арқылы оған Шымкент қаласының «Нұрсат» мөлтек ауданынан үш бөлмелі пәтер алып беруге мүмкіндігі барын алдап айтып, жәбірленуші «Ф» есміді азаматтан жалпы 270000 теңге ақшасын алып, өзінің бас пайдасына жаратқан, осы тектес жалпы 19 көрініс  бойынша аудандық сотпен  қылмыстық іс қаралып, нәтижесімен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 190 бабының 4 бөлігі 2 тармағымен кінәлі деп  танылып, 7  жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаны жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеу белгіленген.

 Жалпы, алаяқтардың арбауына түсіп қалмаудың жолы қайсы? Ол үшін алдымен алаяқтық дегеннің не екенін түсініп алудан артықтығы жоқ. Алаяқтық – алдау немесе сенімге кіру арқылы бөтеннің мүлкіне қол сұғу, иә болмаса бөтен мүліктің құқығына ие болу арқылы іске асатын қылмыс болып табылады. Қазақстанда алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленген. Алаяқтық үшін берілетін ең жоғарғы жаза — бас бостандығынан 10 жылға дейін айыру.

 

Әл-Фараби ауданының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.