You are here

82 отбасының құжаттары қабылданды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Шымкент қаласын мегаполиске айналдыру туралы стратегиялық тапсырмасына сәйкес, 2014 жылы Шымкент қаласына Ордабасы, Сайрам, Төлеби аудандарынан бірқатар елді мекендер қосылған. Оның ішінде, Абай ауданына Жаңаталап, Игілік, Қарасу, Алтынтөбе, Көкбұлақ және т.б. елді мекендер өткен.

Өз кезегінде, бұл елді мекендердің тұрғындары бірқатар құжаттарын, оның ішінде тұрғын үй, жер учаскесі  қала аумағына қайта тіркеуден өткізу керек болған.

Дегенмен, тұрғындардың құжаттары қала аумағына түрлі себептерге байланысты қайта тіркелмеген.

Бұл жағдай Шымкент қаласы Абай ауданы прокуратурасына аталып өткен ауыл тұрғындарымен кездесуде белгілі болды.

Осыған орай, прокуратураның бастамасымен, мемлекеттік органдардан құралған жылжымалы халыққа қызмет көрсету тобы құрылып, елді мекендерге шығу арқылы 82 отбасының құжаттары қабылданды.

Аталған бастама Шымкент қаласы әкімдігімен әрі қарай қолдау тауып, елді мекендерде жылжымалы халыққа қызмет көрсету топтары жұмысын жалғастыруда.

Сондықтан, аудан тұрғындары осы мәселелер бойынша Шымкент қаласы әкімдігіне көмекке жүгінулеріне болатынын назарға саламыз.

Абай ауданының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.