You are here

5 борышкер жұмысқа орналастырылды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

07.10.2016 жылы аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен аудан әкімдігі және аудандық сот орындаушыларының қатысуында меморандум жиналысы өткізіліп, жиналыста  алимент  берешегі бар борышкерлерді жұмысқа орналастыру және олардың айлық жалақысынан алимент өндіру туралы мемлекеттік және жеке сот орындаушыларға нақты тапсырма берілді.

Атқарылған жұмыстың нәтижесінде, 2017 жылдың қаңтар және ақпан  айларында алимент берешегі бар 5 борышкер жұмысқа орналастырылды.

Мысалы, Сарыағаш аудандық сотының 10.06.2015 жылғы  сот бұйрығына сәйкес борышкер Д-дан өндіріп алушы Ф-ның пайдасына 1/3 мөлшерде алимент өндіру туралы атқару құжаты бойынша борышкер Д-ның алименттен берешегі 133 979  теңгені құраған.

Жеке сот орындаушымен Сарыағаш аудандық халықты жұмыспен қамту орталығына 08.12.2016 жылы шығыс №247 санымен жұмыспен қамту үшін  ұсыныс жолданған.

Өз кезегінде, Орталықтың №380 санды  хабарламасына сәйкес борышкер Сарыағаш ауданы, Жарты төбе ауылында орналасқан «Бақжан» бөбекжай балабақшасы меңгерушісінің 03.02.2017 жылғы №45 санды бұйрығына ән жетекшісі ретінде жұмысқа қабылданған.

Осыған орай, жеке сот орындаушымен борышкердің алимент бойынша берешегін айлық жалақысынан ұстап өндіру үшін «Бақжан» бөбекжай балабақшасына жолданды.

«Бақжан» бөбекжай балабақшасы ЖШС-нің 10.03.2017 жылғы түбіртегіне сай, борышкердің айлық жалақы есебінен алимент өндірілуде.

Бұдан басқа, есепті мерзімде аудандық жеке сот орындаушыларының ұсынысы негізінде, аудандық жұмыспен қамту орталығына 53 борышкерлер жұмыссыздар ретінде есепке алынған.

Бұдан бөлек, Сарыағаш аудандық прокуратурасының ұйымдастырумен «Алимент төлемеуге қарсы 30 қадам» жобасының орындалуы аясында, 10.03.2017 жылы Сарыағаш аудандық жұмыспен қамту орталығы ғимаратының мәжіліс залында, «Алименттен берешегі бар борышкерлерді жұмысқа орналастыру туралы» жәрмеңке өткізілді.

Аталған жәрмеңкеде аудандық жұмыспен қамту орталығына ауданның жұмыс беруші мемлекеттік мекемелер және жеке кәсіпкерлерімен ұсынған 60 бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру мақсатында 53 алимент төлеуге мүмкіндігі жоқ борышкерлер қатысты.

Жәрмеңкеге қатысушы борышкерлерге ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңы және «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарған арналған» бағдарламасы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліді.

Жәрмеңке нәтижесімен, ұсынылған бос жұмыс орындарына жұмыссыз жүрген алимент төлейтін 10 борышкер аудан әкімдігігің халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен жұмысқа жолданды.

 

Сарыағаш ауданының
прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.