You are here

2016 жылы тіркеуге алынған 242 қылмыстық құқық бұзушылықтың 126-ы бөтеннің мүлкіне қарсы жасалған қылмыстар

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Статистикалық  деректерді зерделеумен 2016 жылы  Отырар ауданында  жалпы тіркелген қылмыстың  басым көпшілігін  бөтеннің  мүлкіне  қарсы жасалған қылмыстар  құрап отырғаны  анықталды.

Атап айтқанда, 2016 жылы тіркеуге  алынған  242  қылмыстық құқық бұзушылықтың   126-ы  (115-ұрлық, 7-алаяқтық, 3-тонау, 1-қарақшылық)  немесе 52,1%  бөтеннің мүлкіне қарсы жасалған  қылмыстар болса,   47,5 % бөтеннің  мүлкін жасырын  ұрлау қылмысының үлесіне тиеді.

Есептегі  мерзімде  қылмыстық  құқық бұзушылықтың деңгейінің төмендеуінің  негізгі  себебі,  2014-2015 жылдары барлық мал ұрлықтарының тіркеуге алынып,  аудан  прокуратурасымен қылмыстылық жағдайдың  шынайы  көрінісін  анықтауға бағытталған үйлестіру шаралары деуге болады.

Атап айтқанда,   2015 жылы  тіркеуге алынған ескі жылдары  орын алған  26 мал  ұрлығы  тіркеліп,  сол кезеңде қылмыстың, оның ішінде  мал ұрлығының  күрт өсуіне себеп болған. 

Мысалы,  2015 жылдың  қаңтар айында ауданда  33 мал ұрлығы  тіркелсе, ақпан айында 23 мал ұрлығы тіркеліп, ал  наурыз  айында  12 қылмыс тіркелген.

Жалпы, жайылымда өз бетімен жайылып жүріп, ұрланған малдың  қолды болған  күні,  мезгілі және оқиғаның  орны анықталмай, бұл қылмыс бойынша  оқиға орнын қарау, дәлелдемелер жинақтау,  шұғыл-іздестіру шараларын жоспарлап,  жүргізудің  өзі қиындық тудыратыны  және олардың  нәтижесіз болатыны  белгілі.

Атап   айтқанда,  есептегі мерзімде  тіркелген  51  мал  ұрлығының  42-і  немесе  82,3%  мал  жайылымдарында  қараусыз жүрген малдар  қолды болған.

Мал  ұрлығы негізінен  жылдың  күз және  қыс айларында орын  алатыны, мал  иелерінің  көктем  және жаз айларындағы  егіс егетін мерзімдерде ғана малдарын  бақташыға  ақыға  бақтырып,  ал  егіс жиналып біткен соң, малды қараусыз айдап жіберетіні  анықталды. 

Аудан прокуратурасының бастамасымен мекемеаралық жиналыс өткізіліп,  ауыл әкімдеріне   елді мекендердегі мал баға алатын тұлғалардың тізімін жасақтап, олардың   отбасына  барынша  әлеуметтік  көмек көрсетіп, үй-жаймен қамтамасыз етіп, балаларын  мектеп-интернаттарға немесе бала-бақшаларға орналастыру,  күзгі және  қысқы  мерзімдерде  жұмыспен қамту  орталығы арқылы отбасы мүшелеріне қосымша  ақы   төлетіп,  тұрғындардың  малын бақтыру, малшының еңбегін бағалап, оны марапаттауға ұсынуға, сөйтіп, малшының беделін көтеруге шаралар көру тапсырылған.

Сонымен қатар,  ауыл әкімдеріне, АІІБ-і мен жергілікті  полиция қызметіне және  «Сырдария-Түркістан  мемлекеттік өңірлік табиғы паркі»  басшыларына әр  ауыл  округі  бойынша  жұмыспен  қамту  орталығын  қатыстыра отырып,    топтар жасақтауға,  оларды  орманшылармен   біріктіріп,  жайылымдар мен  орман қорының  жерлерінде  қараусыз  жайылып  жүрген  малдарды,  уақытша  ұстайтын орындарды белгілеп,  сонда  ұстап, мал  иелеріне  қоршаған ортаға келтірілген  залалды   өндіру  және заңда көрсетілген   әкімшілік  шараларды көруге,   малды ұстауға  жұмсалған  қаражатты  өндіру  туралы  хаттамалық  тапсырма берілді.     

Сөйтіп, бұл шараның  мал  ұрлығының  алдын  алуға, қылмыстың ашылуына,  жұмыссыз  жүрген ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға және табиғат қорғауға да  септігін  тигізетіні  анық.

Қазіргі таңда, аудан прокурорының тапсырмасымен АІІБ-нің қызметкерлерімен аудан аумағындағы әрбір ауыл округіне қатысты  мал жайылымдар мен тоғайларда, өзен жағаларында өліп жатқан  малдарды фотоға түсіріп,  АІІБ-індегі  арнайы электрондық  деректер қорына  енгізу (фотоальбом түзу) тәжірибеге  айналған.

Малы жоғалып, арызданып келген әрбір ауыл тұрғынына осы деректер қоры көрсетіліп, соңынан ғана шешім қабылдау тапсырылды.

Шәуілдір және Маяқұм елді мекендерінен жайылымдар мен  орман қорының  жерлерінде  қараусыз  жайылып  жүрген  малдарды  уақытша  ұстайтын орындар белгіленіп, онда қараусыз жүрген малдар уақытша ұсталып иелеріне қайтарылса, 1 тұлғаға қатысты әкімшілік шара көрілген.

Осы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2017 жылдың 5 айында мал ұрлығының саны 40-тан 6-ға кеміп, қылмыс 85,0 пайызға төмендеген.

Сондықтан аудан тұрғындарына малдарды қараусыз қалдырмай, мал ұрланған жағдайда тез арада полицияға жүгіну қажет екендігін назарға алу қажет.

Отырар ауданының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.