You are here

Оңтүстік Қазақстан облысының прокурорлары тұрғындармен кездесу өткізуде

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Оңтүстік Қазақстан облысының прокурорлары тұрғындармен кездесу өткізуде  - 846081768

Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасы облыс әкімдігінің қолдауымен өткен жылдың 4-і мен 15 желтоқсаны аралығында «Қауіпсіз орта қалыптастыру» атты акция өткізді. Аталған акция аясында Сайрам ауданы мен  Түркістан қаласының тұрғындарымен кездесулер ұйымдастырылды.

Құқықтарды түсіндіру жұмысының басты бағыттары ретінде ұлтаралық жанжалдардың алдын алу, әлеуметтік мәселелерді шешу, бизнес ортаны дамыту, діни экстремизмнің алдын алу және тұрғындардың террористік қауіп-қатерлерге дайындығы және тағы басқа мәселелербелгіленді.

Аталмыш бағыттардың әрқайсысы бойынша облыстық деңгейдегі прокурорлар мен уәкілетті мемлекеттік органдардың басшыларынан,сондай-ақ мүдделі органдардың өкілдері, қаржы институттары мен Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері қатысқан жұмыс топтары құрылды. Жалпы алғанда топтардың жұмысына 85 қызметкер жұмылдырылды.

Олар Сайрам ауданының 24 ауылдық округінде және Түркістан қаласында кездесулер мен бас қосулар өткізді. Онда 700-ден аса тұрғын құқықтық көмек алды. 

Бұл шаралар әрбір өңірге тән мәселелерді анықтауға, әлеуметтік шиеленістедің өзегін табуға, сондай-ақ халықтың әлеуметтік және экономикалық салалардағы мемлекеттік қолдаулары жайлы хабардар болу деңгейін жоғарылатуға мүмкіндік берді.

Ағымдағы жылдың 15-і мен 29 қаңтарыаралығында Сарыағаш және Мақтарал аудандарында бару жоспарланған бұл жұмыс ары қарай жалғасатын болады.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.