You are here

Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы 2017 жылдың 1-ші жартыжылдығын қорытындылау бойынша алқа мәжілісін өткізді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы 2017 жылдың 1-ші жартыжылдығын қорытындылау бойынша алқа мәжілісін өткізді - 66283264

Облыс прокуратурасында 2017 жылдың 1-ші жартыжылдығында атқарылған жұмыстардың қорытындысын талқылау және алдағы кезеңге қызметтің басым бағыттарын айқындауға арналған алқа мәжілісі өтті.

Мәжілісте сөз алған облыс прокуроры И.Иманов, Конституцияның 83-бабына енгізілген өзгерісті, жаңа Заң қабылданып, орын алған өзгерістердің барлығы адам құқықтары мен бостандықтарын, қоғам, бизнес пен мемлекет мүддесін қорғаудағы жұмыстарды күшейтуге бағытталғандығын атап өтті.

Сонымен қатар, алдағы кезеңге қойылатын міндеттер белгіленді.

Прокуратура органдарының қызметі, жобалық басқару тәсілін қолдану арқылы өңірдегі өзекті мәселелерді шешуге, ең бастысы азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталды.

 

1. Азаматтардың өтініштерін қарау жағдайын жетілдіру.

Азаматтардың өтініштерін сапалы қарау мен құқықтарын қорғау мақсатында прокуратурамен «Тиімді шағымдар қоғамы» жобасы іске асырылуда. Атқарылған жүйелі жұмыстардың оңды нәтижесімен биыл арыз-шағымдар саны 34 пайызға төмендеді.

Бұған қалай қол жеткізілді?

Азаматтардың шағымын қарау тиімділігін арттыру үшін Шымкент қаласындағы 4 аудан прокуратурасында «Азаматтарды қабылдау орталықтары» ашылды.

Бұл жерде өтініштердің жедел қаралуы қамтамасыз етіліп, азаматтар нақты әрі толық жауап алуымен қатар құқықтық көмек алу үшін заманауи үлгідегі барлық мүмкіншілік жасалған.

Ағымдағы жылдан бастап «смс жауап» қызметі іске қосылып, арыз иелеріне жауаптың дайын болғаны туралы ұялы телефондарына хабарлама жолдануда.

Ең бастысы бұл жүйенің барлығы халыққа ыңғайлы.

Ендігі кезекте, «Азаматтарды қабылдау орталығының» құрылысы облыс прокуратурасында басталып, аяқталу сатысында. Ашылуы тамыз айында жоспарланып отыр.

Шымкент қаласының орталық саябағында «Халық заңгері» әлеуметтік акциясы ұйымдастырылды, 350 азамат білікті мамандардан тегін құқықтық көмек алды.

Прокуратураның бастамасымен барлық қала, ауданның «Халыққа қызмет көрсету орталықтарында» полиция, салық органдары және сот орындаушылар бір терезе принципімен күнделікті қызмет көрсетуде.

Бұдан бөлек, облыс әкімі мен уәкілетті органдардың қолдауымен облыс орталығында «Құқық қорғау қызметтер Орталығы» ұйымдастырылуда.

Бұл орталықта нотариус, қорғаушы, психолог және медиаторлар тегін заңдық көмек көрсететін болады.

  

2. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау.

«Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлікке ыңғайлы аймақ» жобасы аясында:

- бизнеске қажетті бос жерлер туралы ақпарат ашық болу үшін, аймақтардың генпланы мен даму жоспарларына интернет арқылы кез келген азамат кіре алатын жағдай жасалды.

- бір актімен кәсіпкердің бірнеше объектісін заңсыз тексеру тәжірибесі тоқтатылды.

- монополия субъектілерінің кәсіпкерге қызмет көрсету шартында белгілеген артық талаптары алынып тасталды.

- 19 кәсіпкер екі жылдан бері ала-алмай жүрген 1 млрд. теңге субсидиясын алды.

Мемлекеттің, кәсіпкерлерді қаржылай қолдауын көп адамдар білмейтіндіктен, жаппай түсіндіру жұмыстары арқылы белсенді кәсіпкерлер санының 1 мыңға артуына қол жеткізілді.

Жалпы, екі жарым мыңнан астам кәсіпкердің құқығы қорғалып, 200-ден аса түрлі кедергілер мен кәсіпкерді заңсыз тексеру нәтижелері жойылды.

 

3. Жер қатынастары мен қоршаған орта саласы.

Жер қатынастар саласында өңірде жерді өз бетінше иелік ету мәселесі шешілді. Ендігі кезекте, жаңадан «Оңтүстік жерлерін ұтымды пайдалану» жобасы бастау алды.

Әкімдіктер жер кодексіне енгізілген мораторий талаптарын дұрыс түсінбей, соңғы бір жылда отандық кәсіпкерлерге ауыл шаруашылық жерлерін  жалға беруді доғарған.

Бұл тәжірибе жойылды. Тек үш айда 60 мыңнан астам жер жалға берілді. 200 ден аса шаруашылық өз жұмысын бастады.

Сонымен қатар өңірдің экологиялық мәселесіде назардан тыс қалған жоқ.

Сәуір айында Парламент депутаттарының, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, бизнес өкілдерінің қатысуымен дәрілік өсімдіктердің проблемалық мәселелері бойынша Республикалық Форум өткізілді.

Форумда орман қоры мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардан тыс жерлерде дәрілік өсімдіктерді жинау осы күнге дейін заңмен реттелмегені талқыланып, өсімдіктерді ретсіз жинау проблемасын шешуге байланысты Орталық мемлекеттік органдарға тиісті ұсыныстар жолданды.

 

4. Саннан – сапасына. Кешенді әрі жүйелі тексеру.

Бас прокурор, өңірлерде қоғамға, не мемлекетке пайдасы жоқ тексерулер тоқтатылып, кешенді әрі жүйелі жұмысқа көшуді тапсырғандықтан, алғаш рет облыста, тексеру бүкіл АГРОөнеркәсіп саласын ауқымды және кешенді түрде қамтыды.

Бұл бастама оң нәтижесін берді. Тек біздің облыста мыңнан аса заң бұзушылық анықталды.

Екі жарым млрд. теңге залал келтіру деректері бойынша 26 қылмыс тергелуде.

Облыстық басқарманың субсидияға жауапты бөлім басшысы мен маманына қатысты іс сот қарауында.

Субсидияны тиімді пайдалану жөніндегі бірқатар ұсынысты Бас прокуратура қолдады.

Осы тексеру пилоттық жоба ретінде Қазығұрт ауданында жүзеге асырғандықтан, аудан көлемінде әлеуметтік-экономикалық дамуды көздейтін АПК, жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту, салық өндіру, жер, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы бүкіл бағдарлама қамтылды.

Нәтижесінде, осы бір тексерумен ауданда 200 мыңнан астам заң бұзушылық анықталды. Оның ішінде:

- жыл сайын 150 млн. теңге, салықтық есептен тыс қалған;

- жұмыспен қамтылған 12 мыңға жуық тұлға тіркеуге алынбастан, көлеңкелі секторда болған;

- салық заңын бұзған 11 мың тұлға әкімшілік жауаптылықтан заңсыз босатылған;

- 700 млн. бюджет қаржысы тиімсіз жұмсалған;

- жеңілдетілген бюджеттік несие алғандар оның 400 млн. теңгесін тиімсіз, не мақсатсыз жаратқан.

         - кәсіпкерлікті дамытуға кедергі келтіретін үш жарым мың факт анықталған;

        - 55% жаңа жұмыс орындары формалды түрде құрылған, кәсіптік оқуды бітіргендердің 82%  жұмыссыз.

Осы себепті, тексеріс нәтижелері кеңейтілген алқа мәжілісінде қаралды. Қатысқан облыс әкімі, аса қызуғышылық білдіріп, мұндай комплекстік тексеруді басқа аудандарда да өткізу жөнінде ұсыныс айтты.

Барлық қала, аудандарға даму бағдарламаларын қайта қарауды тапсырды.

 

 

5. Ұлтаралық қатынас.

Оңтүстік өңірі көп ұлтты болғандықтан,  ұлтаралық қатынас өзекті мәселенің бірі. Соңғы жылдары бірқатар ұлтаралық шиеленіс орын алғандықтан, себептері сараланып, орын алуға ықпал еткен  негізгі 5 алғышарт анықталды.

Нәтижесі бойынша «Төзімді қоғам» тұжырымдамасы әзірленіп, Үйлестіру кеңесінің мәжілісінде облыс әкіміне таныстырылды. Қазіргі таңда, тұжырымдаманы іске асыру шаралары жалғасуда, нәтижесінде ағымдағы жылы бірде бір ұлтаралық шиеленіс жағдайы орыналған жоқ.

 

6. Жобалық басқару.

Прокуратура бастамасының нәтижесі өңірдегі қылмыстылықты ауыздықтауға, азаматтардың тұрмыстық ахуалы мен бизнеске қолайлы жағдай жасауға оң септігін тигізді.

Соңғы 4 жылда өңірде қылмыс саны 5 мыңға дейін өсіп отырған. Астана мен Алматыдан кейін 3-ші орында.

         Жобалық басқару тәсілін қолданып, жауапты органдардың атқаратын жұмыстарын нақтыладық.

         4 жоба аясында:

         - Қоғамдық ұйымдар мен жастар қылмыстың алдын алуға белсене қатысуға шақырылды.

         - Қоғамдық қауіпсіздікті қорғауға, тұрғындар жұмыспен қамту бағдарламалары арқылы жұмылдырылды.

         Алаяқтық қылмысынан Республикада бірінші орында болып келген өңірде бұл қылмыс қазір 33%-ға азайды.

Он жыл бойы өсіп келген жалпы ұрлық, оның ішінде мал ұрлығы, жасөспірімдер арасындағы қылмыс 12 ден 20%-ға дейін кеміді.

Жалпы, жобаның тиімділігі, ағымдағы жылы қылмыс деңгейінің 17%-ға төмендегенімен дәлелденеді.

Халық ең тығыз орналасқан оңтүстік өңірінде, республика бойынша жалпы қылмыстылықтың ең төмен деңгейінің біріне қол жеткізілді.

 

7. Қадағалау жүйесінің жаңа форматы.

2017 жылы бірде бір заңсыз жауап алу немесе ұстау дерегі орын алған жоқ.

Бұл нәтижеге қалай қол жеткізілді?

Облыстың барлық ішкі істер бөлімдерінде шыныдан жасалған жауап алу бөлмелері,  полиция ғимараттарына кіріп шығуды бақылайтын бейнебақылау камералары орнатылды.

Полиция тарапынан жасалған әрбір заң бұзушылықты бейне жазба жасау үшін кезекші прокурорлар видеорегистратормен жабдықталды.

Оған қоса, Полиция бөліміне келген азаматтар кезекші прокурормен кедергісіз хабарласу үшін бейне домофондар орнатылды.

Қазіргі таңда, электронды қылмыстық сот өнідірісіне өту басталды. Ол болашақта тергеу барысының ашықтығымен жылдамдығын арттырады. Түлкібас ауданында «Е-қылмыстық іс» пилоттық жобасы жүзеге асырылуда.

Ал, Бәйдібек ауданында қылмыстық процеске қатысушыларға қабылданған шешім СМС арқылы хабарлануда.

Жаза тағайындауда, қателікке жол бермеу үшін өткен жылы заманауи үлгіде әзірленген «Қылмыстық кодекс калькуляторы», қазір, тиімділігі мен нәтижесін беруде. Көрсеткіш, былтырмен салыстырғанда едәуір жақсарды.

Есірткі заты мен мал ұрлығының алдын-алу мен ізін кесуге бағытталған жұмыстарда, бүгінгі жаңа технологияның бірі квадракоптердің мүмкіндіктері кеңінен пайдаланылуда. Мал ұрлығы жиі орын алатын шалғай елді мекендерде, ұрлаған малды көлікке артуға арнайы қазылған орындар анықталып, жойылды.

Бүгінде, есірткі өсімдіктерін өсірілуі мүмкін жерлерге бақылау жүргізілуде.

***

Биылғы жылы Қазақстан халқына арналған Мемлекет басшысының Жолдауы ерекше маңызды болып табылады, себебі ол жалпы экономика мен қоғамның жаңғыруының жаңа кезеңіне бастау береді деп есептелінуде.

Ақпараттық және коммуникациялық технологияның дамуы табиғи ресурстарды қолданумен бір деңгейде жаңа технологияның дамуына ие болатындығын көрсетеді. Бұл дегеніміз цифрлық технологиялар базасында автоматтандыру, роботтандыру, жасанды интеллект, «ауқымды мәліметтер» алмасу сияқты жаңа IT-экономикасының жетекші салаларын құруды білдіреді. Елбасының тапсырмасы да осы болатын.

Прокуратурамен бұл бағыттағы «Қылмыстық, Әкімшілік кодекс калькуляторлары», «он-лайн камералар», «смс жауап», және т.б. IT-бағдарламаларымен жұмыстар жасалуда, алайда алда бағындырар белестер бар.

Ал, ендігі кезекте прокуратураның басты бағыты қылмыстық процеске бағытталмақ.

Алдағы басты міндет қоғам мен мемлекет мүддесінің шын жанашыры болатын, жаңа заман талаптарына жауап беретін заманауи әрі мобильді прокуратура құру.

 
Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының
баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.