You are here

Баспасөз ақпараты

Қазақ

«Лайықты ұрпақ тәрбиелейік» жобасы аясында атқарылған жұмыстардың нәтижесін қарау бойынша Үйлестіру кеңесінің баспасөз хабарламасы

Ағымдағы жылдың 17 тамыз күні облыс прокурорының м.а. Х.Маматаевтың төрағалығымен үйлестіру кеңесі ұйымдастырылып, «Лайықты ұрпақ тұрбиелейік» жобасы аясында құзырлы органдармен  атқарылған  жұмыстарының нәтижесі қаралды.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде,  облыс көлемінде кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстар 28 %, соның ішінде кәмелет жасқа толмағандарға қатысты жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстар саны өткен жылмен салыстырғанда 40% төмендеген (60-тан 36-ға).

Пікірлер саны: 0

Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы 2017 жылдың 1-ші жартыжылдығын қорытындылау бойынша алқа мәжілісін өткізді

Облыс прокуратурасында 2017 жылдың 1-ші жартыжылдығында атқарылған жұмыстардың қорытындысын талқылау және алдағы кезеңге қызметтің басым бағыттарын айқындауға арналған алқа мәжілісі өтті.

Мәжілісте сөз алған облыс прокуроры И.Иманов, Конституцияның 83-бабына енгізілген өзгерісті, жаңа Заң қабылданып, орын алған өзгерістердің барлығы адам құқықтары мен бостандықтарын, қоғам, бизнес пен мемлекет мүддесін қорғаудағы жұмыстарды күшейтуге бағытталғандығын атап өтті.

Пікірлер саны: 0

Ақпараттық хабарлама

31.05.2017 жылы Бәйдібек АІІБ кәмелетке толмаған аз. Е. жыныстық қатынасқа түсу дерегі бойынша ҚР ҚК 122б. 1б. (16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас жасау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

02.06.2017 жылы жәбірленушіден жауап алу нәтижесімен аталған қылмыс ҚР ҚК 120б. 3б. 3т. (кәмелетке толмағанға қатысты жасалған зорлау) қайта дәрежеленді.
Сол күні, күдікті ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды.
Қылмыстық іс бойынша процесс прокурор айқындалды.

Пікірлер саны: 0

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының қолданылуы мәселелері бойынша дөңгелек үстелі өткені туралы» баспасөз ақпараты (Шымкент қаласы, 13 қаңтар 2017 жыл)

    Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының қолданылуы мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.

Атап өтейік, 2016 жылының 13-желтоқсанында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңы қабылданған болатын.

Осы Заңда көрсетілген органдар осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап алты ай iшiнде оның орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.

Пікірлер саны: 0

«Қаратау аудандық прокуратурасымен 2016 жылы атқарылған жұмыс нәтижелері жөнінде баспасөз мәслихаты өткені туралы» баспасөз ақпараты (Шымкент қаласы, 9 қаңтар 2017 жыл)

Қаратау аудандық прокуратурасында 2016 жылы қадағалау жұмыстарының негізгі бағытын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен  облыс прокуратураларының мәжілістерінде қойылған тапсырмаларынды орындауға, аудан аумағында шешімін таппаған күрделі мәселелерді шешуге және қадағалау тиімділігін арттыруға бұрды.

Бұл туралы аудан прокуроры Ә. Кәрім кезекті баспасөз мәслихатында  айтып өтті. Оның сөзінше 2016 жылдың 12 айында әлеуметтік-экономикалық сала бойынша 22 тексеру жүргізіліп, 95 заң бұзушылық анықталған, 90 нақты жойылған.

Пікірлер саны: 0

Іздеуде жүрген қылмыскерлер ұсталды

Облыстық прокуратура органдарының үйлестіруі және қолданылған шаралар нәтижесінде ағымдағы жылы қасақана кісі өлтіру бойынша 3, ауыр дене жарақатын келтірген 6, қорқытып алушылық қылмысын жасаған 1 және әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру қылмыстары бойынша 1 адам айыпталған. Сондай-ақ тергеуден, соттан бой тасалаған және іздеуде жүрген қылмыскерлер ұсталды.

Сонымен бірге, мемлекет тарапынан оларды іздеуге жұмсалған 488 920 теңге қаржы бюджетке қайтарылды.

 

Пікірлер саны: 0

«Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасында арнайы прокурорлар басқармасы бастығының қатысуымен баспасөз мәслихаты өткені туралы» баспасөз ақпараты (Шымкент қаласы, 29 желтоқсан 2016 жыл)

Оңтүстік-Қазақстан облысы прокуратурасында арнайы прокурорлар басқармасының бастығы Асқар Айымбетовтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

Ағымдағы жылы басқармамен, өзекті қылмыстық істерді, оның ішінде лауазымды және сыбайлас жемқорлық қылмыстары, құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлеріне қатысты, азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылу деректерімен, оның ішінде қинау деректерімен тіркелген қылмыстық істер тікелей өндіріске алынып тергелді.

Пікірлер саны: 0

Қылмыстылықпен күрес мақсатында жүзеге асырылып жатқан жобалар аясында баспасөз маслихаты өткізілген туралы ақпарат (Шымкент қ., 29 желтоқсан)

Ағымдағы жылдың  29 желтоқсан күні облыс прокурорының орынбасары Ә.Қожахметовтың төрағалығымен БАҚ өкілдерімен облыс көлемінде қылмыстылықпен күрес мақсатында жүзеге асырылып жатқан жобалар аясында атқарылған іс-шаралар талқыланды. 

Біріншісі, біздің өңіріміз үшін ең маңыздысы іске асырылып жатқан «Мал ұрлығына нәтижелі тосқауыл» жобасы болып табылады. Жобаның мақсаты – мал ұрлығына қатысты қылмыс санын 50% дейін төмендету.

Пікірлер саны: 0

Құны 149 053 280 теңгені құрайтын мемлекеттік сатып алу рәсімі бұзылды

Аудандық прокуратурамен 2016 жылы мониторинг жұмыстары  нәтижесінде  жалпы соммасы 149 053 280   теңгені  құрайтын 4  мемлекеттік  сатып  алу  рәсімдері  бұзылып,  заң бұзушылықтар дер кезінде жойылды.

Мысалы, Сарыағаш аудан прокуратурасымен аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-гі (әрі қарай Мекеме) мекемесімен 24.03.2016 жылы №311113-1 конкурс жарияланған (барлығы 1 лот, сатып алуға бөлінген қаржы 3 750  000 теңге). Аталған конкурс бойынша  2016 жылдың  наурыз айынан бастап  желтоқсан айына  дейін әр түрлі іс-шаралар белгіленген.

Пікірлер саны: 0

Беттер


Subscribe to RSS - Баспасөз ақпараты
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.