You are here

Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 44407
    Дата: 09.07.2018 00:56:06
    Аты-жөні: Джамалова Комила
    Сұрақ:
    ОҚО, Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Қаратөбе т.а.Абдуллабад көшесі №55a үй тұрғыны Джамалова Комила Бахтияровнадан 30.03.1985 ж.т. ЖСН:85033041665 жеке куәлік №032360349 ҚР ІІМ-мен 08.11.2011 жылы берілген ұялы телефон: +7 775 724 60 60 А Р Ы З Менің арыз жазу себебім төмендегіше: 2015 жылы күз айында 22.02.1988 ж.т. Ирметов Алымжан Гаппуржанович есімді азамат Шымкент қаласы, Сайрам т.а. орналасқан №1 ШҚА терапия бөліміне «Өкпе тыныс жолдарының қабынуы» диагнозымен ем қабылдады. Алғашқы көргенде инабадты келген азамат өзінің жаңадан үйленген жанұя екендігін және «Ернұр» күзет агенттігінде күзетші болып жұмыс атқаратындығын айтып көрсетті. Әңгіме арасында Шымкент қаласы әкімшлігінде жақын танысының жұмыс атқаратындығын айтып, сол азаматтың Шымкент қаласы, Нұрсат м.а. өзіне мемлекеттік бағдарламамен жас отбасы ретінде тұрғын үй пәтер алып беруге көмектесіп жатқандығын айтты. Мен де күйеуімнен ажырасып, 2 (екі) баланы жалғыз асырап отқандығымды және қазіргі таңда пәтерсіз туыстарымның қолында жүргендігімді айттым. А.Г.Ирметов ұялы телефон арқылы бір азаматпен сөйлесіп, маған да өз көмегін беруге уәде берді. Ауруханадан шыққаннан кейін А.Г.Ирметов +7 (701) 231 53 64 ұялы телефоны арқылы хабарласып, өзінің Шымкент қалалық әкімшілігінде жұмыс атқаратын танысы маған Шымкент қаласы, Нұрсат м.а. 3 бөлмелі пәтерді жалға алып беруге көмек беретіндігін айтып қуантып қойды. Айына 5000-6000 тенге ақша төлейтіндігімді айтып көрсетті. Сол күннен бастап тиісті құжаттарды жинап, «Халыққа қызмет көрсету орталығына» өткіздім. Арада бірнеше күн өткеннен кейін, Г.А.Ирметов ұялы телефон арқылы хабарласып, тез арада жолығу қажеттігі туындап тұрғандығын айтты. Мен өзімнің аурухана кезекшілігінен кейін жоғарыда көрсетілген мекен-жайда орналасқан ата-анамның үйінде екендігімді айттым. Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Қаратөбе т.а. Абдуллабад көшесі №55а үйге келіп, ата анамның көзінше тұрғын үйге кезегімнің келгендігін айтып, 2000 $ АҚШ доллары көлемінде ақша қаражат беруімді сұранды. «Мен неліктен мемлекеттік бағдарламамен беріліп жатқан үйге сонша қаражат беруім керек» -деген сұрағыма, «Комила сен қорықпа қаражатты мен 2-ші деңгейдегі Банкке саған есеп шот аштырып, сол есеп шотқа сенің атыңа құямын» -деді. Неліктен екендігі белгісіз мен ол азаматтың е\сұраған соммасын, яғни 2000 $ АҚШ долларын қолма қол беріп жібердім. Ақша қаражатты алған кезде А.Г.Ирметов маған тілхат жазып берді. Сол күннен бастап А.Г.Ирметов маған пәтерді күніге «Ертең алып берем» -деген уәдемен келе жатыр. 2018 жылы Нұрсат м.а. орналасқан облыстық әкімшілік маңындағы көк түсті үйдегі 3 бөлмелі пәретді көрсетіп, «Осы пәтер құдай қаласы сіздердікі болады» -деді. Содан бері бірнеше ай өткеніне қарамастан пәтердің құжаттарын да, кілтін де алмадым. Осы азаматтың айтып жүргені рас па? білу мақсатында Шымкент қалалық әкімшілігінің құрылыс бөліміне бардым. Ондағы қызметкерлердің айтуынша тұрғын үй алуға менің кезегім бірнеше мың адамнан кейін тұрғандығын естіп жүрегім ауырды. 2-ші деңгейдегі Банктерден маған мүлдем есеп шот ашылмаған екен. Сол күннен бастап алаяқтың арбауына түскендігімді білдім. Алаяқтық іс әркеті әшкере болған соң «Ақшаңды қайтарып берейін» -деді. Сол күннен бастап Ирметов Алымжан Гаппуржанович менен қашып жүр. ҚҰРМЕТТІ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫ! Жоғарыда көрсетілген мән-жайлардың негізінде азамат 22.02.1988 ж.т. Ирметов Алымжан Гаппуржановичтің /ИИН:880222300267/ іс-әрекеттеріне объективті баға беріп, менің сеніміме алаяқтық, яғни бөтен мүлiктi ұрлау немесе бөтен мүлiкке құқықты алдау немесе сенiмге қиянат жасау арқылы алуын әшкерелеп, ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-ші бөлігі 1-ші тармағымен қылмыстық жауапкершілікке тартуыңызды СҰРАНАМЫН !!!
    Жауап күні:
    13 шілде, 2018 - 20:00
    Жауап:
    К.Б.Джамаловаға Абдуллабад көшесі, №55А үй, Қаратөбе т.ж. Шымкент қаласы, 160000. Құрметті Комила Бахтияровна! Сіздің алаяқтық дерегі бойынша жазған арызыңыз аудан прокуратурасымен қаралды. 09.07.2018 жылы аудан прокуратурасына жазған арызыңыз Еңбекші ПБ-не жолданып, 11.07.2018 жылы Еңбекші ПБ-нің анықтаушысы С.Ештаймен ҚР ҚК-нің 190 бабы 1 бөлігімен №185110031002146 санды қылмыстық іс тіркелген. Қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар, ҚР ҚПК-нің 99 бабына сәйкес, Сіз анықтаушыға қылмыстық процесс барысында маңызы бар мән-жайларды анықтау, процестік әрекеттерді жүргiзу немесе процестік шешiмдерді қабылдау туралы өтiнiшхатпен жүгінуге құқылысыз. Осы жауаппен келіспеген жағдайда, Сіз жоғары тұрған прокурорға немесе сотқа шағымдануға құқылысыз. Еңбекші ауданының прокуроры Е.Құттыбаев .М.А.Сариев  42-06-53
  • Сұрақ №: 44251
    Дата: 01.07.2018 23:38:59
    Аты-жөні: Янгибаева Дилдора
    Сұрақ:
    Құрметті Нұрғалым Мажитович! Менің арыз жазу себебім төмендегіше: Көршілес жатқан Өзбекстан Республикасында жоғарыда көрестілген мекен жайда тұрамын. Тұрақты жұмысымның болмауына байланысты жеке кәсіпкерлікпен айналысамын. Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы мен Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Миромоновичтердің арасында келіссөз барысында қос елдің сауда саттық саласында ынтымақтастығын күшейту туралы келіссөздер жүргізілгендігін естіп шын мәнінде қуанған болатынмын. Осы бағытта Қазақстан Республикасына керекті тауарларды алып келіп, қайтарда өзімізге керекті заттарды алып қайтып жүргенмін. 06.04.2018 жылы өзін Сарыагаш ауданының тұрғынымын деп таныстырған Омаршикова Юлдуз Намазбаевна деген азаматшамен таныстым. Ол өзінің Қазақстан Республикасы аумағында тауар сатумен айналысып жүргендігін айтып көрсетті. Сол күні Өзбекстан Респуубликасының аумағында ақшасын көрсетіп 3 тонна жер жаңғақ, пластмас ойыншықтар және аяқ киім кеденнен алып өтуімді сұранды. Мен өз келісімімді беріп айтқан сөзіне сендім. Заттарды алып өтісімен Омаршикова Юлдуз өзінің алаяқтық іс әрекетін жүзеге асырғандығына толық сеніп менімен қазір тауардың ақысын есептесемін деп қаша жөнелді. Сол уақыттан бері жалпы құны 2 000 000 (екі миллион) тенгеге жуық ақшамды ала алмай келемін. Осы жөнінде Сарыағаш аудандық ПБ на арыздандым. Арызым бойынша қылмыстық іс қозғалып күдікті Омаршикова Юлдуз Намазбаевна полиция басқармасына жеткізілді. Сол жерде ол өзінің кінәсін толығымен мойындап, алаяқтық іс әрекетін жүзеге асырғандығын айтып көрсетті. Бірақта осы күнге дейін осы азаматшаның қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде танылмай қылмыстық іс қамауға алу бойынша бұлтартпау шарасы маған белгісіз себептермен қолданылмай келеді. Полиция тергеушісі аудандық прокурордың орынбасары өз рұқсатын берсе қамауға аламын немесе мен оны қамай алмаймын деген сылтауын айтып келеді. Аудан прокурорының орынбасары осы күнге дейін қылмыстық іс бойынша неліктен процесстік прокурорды тағайындамағандығына таң қаламын. Процесстік прокурор тағайындалған жағдайда неліктен осы күнге дейін бірнеше рет беттестіру жұмыстары жүргізілген кезде қылмыстық істің сотқа дейінгі тергеп тексеруіне өз ықпалын тигізбей салғырттық танытуда? Құрметті прокурор мырза! Мен көршілес жатқан елдің азаматшасымын. Менің Сарыағаш ауданына қайта қайта келуім қаражат жағынан да, жанұялық жағадайға байланысты да қазіргі таңда қыйындық туғызуда. Сондықтан да, қылмыстық істің тергелуін өз бақылауыңызға алып, күдікті азаматшанының қылмыстық іс әрекеттерін әшкерелеп, айыптау қорытындысымен сотқа жолдауыңызды сұранамын.
    Жауап күні:
    13 шілде, 2018 - 20:40
    Жауап:
    Д.А. Янгибаеваға Құрметті Дилдора Абдусаттаровна! Сіздің Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының блогынан түскен Ю.Омаршиковаға қатысты шара қолданылмай жатқаны туралы жазған 02.07.18ж. сұрағыңызды облыс прокуратурасы қарады. Сарыағаш аудандық ІІБ-мен Сіздің осы мәселе бойынша жазған арызыңыз негізінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 2-бөлігінің 1-тармағымен (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) 22.06.18ж. тергеп-тексеру амалдары басталғаны анықталды. Бүгінгі таңда, қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде және арызыңызда көрсеткен уәждеріңіз негізінде, Сарыағаш ауданының прокуратурасымен қылмыстық іс бойынша нақты тергеп-тексеру амалдарын жүргізу туралы Сарыағаш аудандық ІІБ-на 04.07.18ж. жазбаша нұсқау берілді. Тергеп-тексеру барысында, Сіздің уәждеріңізді тексеріп, Ю.Омаршикованың іс-әрекетіне құқықтық баға береді. Қылмыстық іс бойынша қабылданған шешім туралы, Сізге Сарыағаш аудандық ІІБ-мен хабарланады. Осыны хабарлай отырып, Сіз Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ҚПК) 99-бабына сәйкес Сарыағаш аудандық ІІБ-на іс бойынша өтініш білдіруге және іс құжаттарымен танысуға құқылы екеніңізді ескертеміз. Осы жауаппен келіспеген жағдайда, ҚР ҚПК-нің 106-бабына сәйкес тергеу судьясына шағымдануға құқылысыз. Облыс прокуроры Н. Әбдіров Н.Оңғарбаев 54-08-41
  • Сұрақ №: 44250
    Дата: 01.07.2018 23:36:02
    Аты-жөні: Янгибаева Дилдора
    Сұрақ:
    Құрметті Жомарт Нұрғалиұлы! Менің арыз жазу себебім төмендегіше: Көршілес жатқан Өзбекстан Республикасында жоғарыда көрестілген мекен жайда тұрамын. Тұрақты жұмысымның болмауына байланысты жеке кәсіпкерлікпен айналысамын. Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы мен Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Миромоновичтердің арасында келіссөз барысында қос елдің сауда саттық саласында ынтымақтастығын күшейту туралы келіссөздер жүргізілгендігін естіп шын мәнінде қуанған болатынмын. Осы бағытта Қазақстан Республикасына керекті тауарларды алып келіп, қайтарда өзімізге керекті заттарды алып қайтып жүргенмін. 06.04.2018 жылы өзін Сарыагаш ауданының тұрғынымын деп таныстырған Омаршикова Юлдуз Намазбаевна деген азаматшамен таныстым. Ол өзінің Қазақстан Республикасы аумағында тауар сатумен айналысып жүргендігін айтып көрсетті. Сол күні Өзбекстан Респуубликасының аумағында ақшасын көрсетіп 3 тонна жер жаңғақ, пластмас ойыншықтар және аяқ киім кеденнен алып өтуімді сұранды. Мен өз келісімімді беріп айтқан сөзіне сендім. Заттарды алып өтісімен Омаршикова Юлдуз өзінің алаяқтық іс әрекетін жүзеге асырғандығына толық сеніп менімен қазір тауардың ақысын есептесемін деп қаша жөнелді. Сол уақыттан бері жалпы құны 2 000 000 (екі миллион) тенгеге жуық ақшамды ала алмай келемін. Осы жөнінде Сарыағаш аудандық ПБ на арыздандым. Арызым бойынша қылмыстық іс қозғалып күдікті Омаршикова Юлдуз Намазбаевна полиция басқармасына жеткізілді. Сол жерде ол өзінің кінәсін толығымен мойындап, алаяқтық іс әрекетін жүзеге асырғандығын айтып көрсетті. Бірақта осы күнге дейін осы азаматшаның қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде танылмай қылмыстық іс қамауға алу бойынша бұлтартпау шарасы маған белгісіз себептермен қолданылмай келеді. Полиция тергеушісі аудандық прокурордың орынбасары өз рұқсатын берсе қамауға аламын немесе мен оны қамай алмаймын деген сылтауын айтып келеді. Аудан прокурорының орынбасары осы күнге дейін қылмыстық іс бойынша неліктен процесстік прокурорды тағайындамағандығына таң қаламын. Процесстік прокурор тағайындалған жағдайда неліктен осы күнге дейін бірнеше рет беттестіру жұмыстары жүргізілген кезде қылмыстық істің сотқа дейінгі тергеп тексеруіне өз ықпалын тигізбей салғырттық танытуда? Құрметті прокурор мырза! Мен көршілес жатқан елдің азаматшасымын. Менің Сарыағаш ауданына қайта қайта келуім қаражат жағынан да, жанұялық жағадайға байланысты да қазіргі таңда қыйындық туғызуда. Сондықтан да, қылмыстық істің тергелуін өз бақылауыңызға алып, күдікті азаматшанының қылмыстық іс әрекеттерін әшкерелеп, айыптау қорытындысымен сотқа жолдауыңызды сұранамын.
    Жауап күні:
    5 шілде, 2018 - 20:30
    Жауап:
    Д.А. Янгибаеваға В.Кадиров көшесі, Достық ауылы, Субхандария облысы, Өзбекстан Республикасы Құрметті Дилдора Абсаттаровна! Сіздің, 2018 жылғы 2 шілдедегі (кіріс саны 01-1213-18-00003) қылмыстық істің тергеу барысын бақылауға алу туралы жазған арызыңыз, аудан прокуратурасында жинақталған іс құжаттарын зерделеу арқылы қаралды. Өзіңізге белгілі жәйт, Сарыағаш АІІБ-да сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне 22.06.2018 жылы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 189-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен тіркеліп, қазіргі уақытта тергеуші Н.Намазбаевпен тиісті сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілу барысында. Зерделеу нәтижесімен, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 24-бабында көзделген тексеру толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету және арызыңызда көрсеткен уәждеріңізді тексеру жөнінде аудан прокуратурасымен 04.07.2018 жылы Сарыағаш АІІБ-на жазбаша нұсқау берілді. Сондықтан, арызда көрсеткен уәждеріңіз тергеп-тексеру барысында қылмыстық істің шеңберінде толық көлемде тексеріліп, нәтижесімен кінәлі адамдарға қатысты түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатын болады. Қылмыстық іс бойынша қабылданған шешім жөнінде, Сізге тергеу орнымен жауап беріледі. Қосымша өтінішіңіз болған жағдайда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 99-бабының 1-бөлігінің талабына сай, оны қылмыстық қудалау органына ұсына аласыз. Осы жауаппен келіспеген жағдайда, берілген жауаптың көшірмесін тіркей отырып жоғары тұрған прокурорға немесе сотқа, ал қылмыстық іс бойынша Сарыағаш АІІБ-мен қабылданған түпкілікті шешіммен келіспеген жағдайда аудан прокуратурасына қайта шағымдануға құқылысыз. Сарыағаш ауданының прокуроры Ж. Нұрағали ? С.Әбибулла :2-11-02
  • Сұрақ №: 44240
    Дата: 01.07.2018 13:45:35
    Аты-жөні: Хатимкулов Илхамжан
    Сұрақ:
    ОҚО, Сайрам ауданы, Манкент ауылы, О.Курбанов көшесі № 6 үй тұрғыны Хатимкулов Илхамжан Сабиржановичтен 06.12.1987 ж.т. ЖСН:871206302782 жеке куәлік №033853993 ҚР ІІМ-мен 10.10.2012 жылы берілген ұялы телефон: +7 702 100 58 58 А Р Ы З Менің арыз жазу себебім төмендегіше: 2011 жылы Сайрам ауданы, Аққала ауылының тұрғыны «Аман» есімді азаматпен таныстым. Ол азамат өзінің Сайрам аудындық жер қатынастар бөлімінде жер маманы болып жұмыс атқаратындығын айтып көрсетті. Сайрам аудыны, Манкент ауыл әкімдігіне қатысты Аққала ауылында «Жеке тұрғын үй құрлысын жүргізу» мақсатында жер телімдері беріліп жатқандығын айтып көрсетті. Аққала ауылы, Жаңақұрлыс көшесі бойынан жалпы алаңы 0,9 га жер телімін көрсетіп, 270 000 (екі жүз жетпіс мың) тенгеге келісіп, 100 000 (жүз мың) тенге ақша мен менің жеке куәлік көшірмемді алып кетті. «Манкент ауылы әкімінің жер теліміне қатысты шешімі шыққаннан кейін қалған ақшаны бересің» -деді. Арада бірнеше ай өткеннен кейін Аққала ауылының картасын алып келіп маған сатқан жер телімінің қазығын қағып беріп кетті. Аталған жер теліміне тез арада тұрғын үй құрылысын жүргізу қажеттігін көрсетіп, тұрғын үй біткеннен кейін әкімдіктен шешім алатындығын айтты. Сол жылы 6х12 шағын үй құрылысын жүргізіп, толығымен бітіріп кіріп алдым. 2017 жылы «Аман» есімді азаматқа «Жер телімінің құжаттары қашан бітеді» дегенімде, «Манкент ауылы әкімі аталған жер теліміне шешім бермей жатыр, тағы да 400 000 (төрт жүз мың) тенге ақша әкім шешімне және 200 000 (екі жүз мың) тенге мемлекеттік актіге бересің» -деді. Қатты ашуға салынып, Манкент ауыл әкімінің қабылдауына кірдім, сол жерден білгенім «Аман» есімді азамат аудандық жер қатынастар бөліміне, не ауыл әкімдігіне ешқандай да қатысы жоқ екендігін білдім. Жәй сөзбен айтқанда, мен сияқты ауыл тұрғындарын алдап жүрген алаяқ азамат екен. Манкент ауыл әкімдігінің жер маманы аталған жер теліміне соғылған тұрғын үйді бұзған жағдайда ғана аталған жер телімі құжаттанып, әкімдікпен шешім шығарылатындығын айтты. «Сонда менің аталған тұрғын үй құрылысын жүргізуге кеткен 3 000 000 (үш миллион) тенгеге жуық ақша қаражатымды кім қайтаруы керек?» -деген сұрағыма әкімдік қызметкері мүлдем құлақ аспады. ҚҰРМЕТТІ ПРОКУРОР МЫРЗА! 1. Жоғарыда көрсетілген мән-жайлардың негізінде «Аман» есімді азаматтың іс-әрекеттеріне объективті баға беріп, оның жеке басын анықтап, неліктен ол азаматтың қолында аудандық жер қатынастар бөліміне және сәулет басқармасына қатысты картаның жүргендігін анықтауыңызды 2. «Аман» есімді азаматтың менің сеніміме алаяқтық, яғни бөтен мүлiктi ұрлау немесе бөтен мүлiкке құқықты алдау немесе сенiмге қиянат жасау арқылы алуын әшкерелеп, ҚР ҚК-нің 190-бабымен қылмыстық жауапкершілікке тартуыңызды С Ұ Р А Н А М Ы Н !!!
    Жауап күні:
    18 шілде, 2018 - 17:09
    Жауап:
    И.С.Хатимкуловқа О.Курбанов көшесі №6 үй Манкент ауылы Сайрам ауданы 160809 Құрметті арызданушы! Сайрам аудандық прокуратурасымен Сіздің Аман есімді азаматтың заңсыз іс-әрекеттеріне қатысты жазған (02.07.2018 жылғы №01-1212-18-00006 санды) арызыңыз қаралды. Арызыңызда көрсетілген мән-жайларды жан-жақты қарау мақсатында, Аман есімді азаматқа процесстік шешім қабылдау туралы Сайрам аудандық ІІБ-на талап жолданған. Өз кезегінде, бұл оқиға бойынша Сайрам аудандық ІІБ-ның анықтаушысы М.Абдихановпен 11.07.2018 жылы ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталған. Қазіргі таңда, іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілу сатысында. Аталған іс бойынша қабылданған шешім жөнінде Сізге көрсетілген қылмыстық қудалау органымен хабарлануы тиіс. Сонымен бірге, іс бойынша қандай да бір қосымша уәждеріңіз болған жағдайда, Сіз Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процесстік кодексінің 99-бабының негізінде қылмыстық қудалау органына ұсына алатыныңызды назарыңызға жеткіземін. Егер, бұл жауаппен келіспеген жағдайда, жоғарғы тұрған прокурорға немесе сотқа шағымдануға құқылы екендігіңізді хабарлаймын. Сайрам ауданының прокуроры О. Әбдіраманов Орынд.А.Бекмурзаева Тел.21-683
  • Сұрақ №: 44168
    Дата: 28.06.2018 10:34:10
    Аты-жөні: Мамирова Махсуда
    Сұрақ:
    Мен 11.06.2018 жылы сіздерге және ОҚО және жер инспекциясы басқармасының атына Түркістан қаласы, І.Жансугуров көшесі, №56 үйдің көше қызыл сызығына 1.4 метр артық шығарып салған құрылыстарға қатысты және рәсемделген құжаттарын қоса арнайы тексеру актісін тағайындап тексеру жүргізуге оны ОҚО жер инспекциясына прокурорлық нұсқама беру туралы арыз жолдаған болатынмын, осы арыз бойынша сіздерден менің арызымды ОҚО жер инспекциясы басқармасының басшысы М.С.Әлібековке "Арызда көрсетілген мән-жайларды жан-жақты қарап, нәтижесі және қолданылған шаралар туралы арыз иесіне заңда белгіленген мерзімде хабарлауыңызды сұрап" жолдағансыз осы арызым бойынша еш ОҚО Жер инспекциясынан құрылыстың басына барып еш тексерулер тағайындалмады осы арызымды қадағалауыңызды сұраймын. маған керектісі тек ОҚО жер инспекциясының арнайы жер басына барып құрылыстың көше қызыл сызығына кірген немесе кірмеген жөнінде заңдылығын анықтап тексеру актісін түзіп берсе болғаны басқа еш нәрсе сұрап отырған жоқпын..........осы тексеру актісі жасалмаған жағдайда жоғары тұрған органдарға шағымданамын
    Жауап күні:
    4 шілде, 2018 - 19:47
    Жауап:
    М.Р. Мамироваға Құрметті Махсуда Рахимжанқызы! Сіздің, ОҚО Жер инспекциясына жолданған арызыңыз бойынша шара қолданбай жатқандығы туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының блогына 02.07.18ж. (кіріс нөмірі 01-12000-18-00096 санды) жолдаған сауалыңыз облыс прокуратурасымен қаралды. Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 6-бабында жазбаша өтiнiшке, жеке тұлғаның тегi, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесiнiң аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, пошталық мекенжайы, заңды тұлғаның өтiнiшiнде оның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетiледi. Өтiнiшке жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі қол қою тиістігі көрсетілген. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңының 21-бабына сәйкес прокуратура органдары физикалық, психикалық және өзге де мән-жайларға байланысты өз құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды өзі дербес жүзеге асыра алмайтын адамдардың; шектелмеген адамдар қатарының; егер бұл адамдардың өмірі, денсаулығы үшін орны толмас зардаптың алдын алу туралы өтініштерді қарайды. Осыған орай, Сіз сауал хатыңызда көрсетілген уәждеріңіз бойынша тексеру амалдарын жүргізу арқылы қарауды қажет ететіндіктен, прокуратура органына немесе басқа да уәкілеттік берілген органға жазбаша түрде арызбен жүгінуіңіз қажеттігін назарыңызға саламын. Сондай-ақ, лауазымды адамның, мемлекеттік қызметшінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодекстің 292-бабына сай сотта дау айтуға құқылы екеніңіз жөнінде түсіндіріледі. Облыс прокуроры Н. Әбдіров орын.Д.Байтеміров тел. 53-68-10

Беттер

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.